Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА БАРМАЙТЫН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТІҢ ЖҰМЫСЫ

 

КП мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға диагностикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

- ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық қолдау көрсету және балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту мәселелері бойынша педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру;

 - белгілі бір себептермен білім беру ұйымына бара алмайтын балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету; КП жұмысының негізгі бағыттары:

 - диагностикалық көмек көрсету - баланы психологиялық педагогикалық тұрғыдан зерттеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен 5 бейімділігін, оның әлеуетті мүмкіндіктерін, әлеуметтік бейімделуін анықтау, баланы одан әрі дамыту мен тәрбиелеу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

- консультациялық көмек көрсету - психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық консультация беру, ата-аналарды (заңды өкілдерді) бала дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиенің негізгі бағыттарының ықпалы, күйзеліс жағдайларын еңсеру туралы хабардар ету;

 - әдістемелік көмек көрсету - ата-аналарды (заңды өкілдерді) ағарту, отбасында туындайтын мәселелердің алдын алуға бағытталған педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы ата-аналарды хабардар ету, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, отбасында жағымды қарым қатынастар орнату, баланың жеке даму ерекшеліктері негізінде түзету және дамыту технологияларымен, отбасы жағдайында тәрбиелеу процесін ұйымдастырумен таныстыру.

КП қызметінің негізгі нысандары: ата - аналардың (заңды өкілдердің) сұранысы бойынша онлайн және офлайн форматтарда жеке және топтық консультациялар беру болып табылады.

КП жұмысын білім беру ұйымының әкімшілігі реттейді.

 Балалардың ата - аналарына (заңды өкілдеріне) консультациялық көмек мамандардың қызметін кіріктіру негізінде көрсетіледі:

 меңгеруші; әдіскер;

тәрбиеші;

музыка жетекшісі;

 дене шынықтыру нұсқаушысы;

педагог-психолог;

 логопед;

медбике;

казақ тілі педагогі.

Логопед баланың танымдық және сөйлеуінің даму деңгейін анықтайды (тексеру); баланың сөйлеуіндегі кемшіліктерді түзету және оның алдын алу мақсатымен (консультация, семинарлар) ата-аналарға (заңды өкілдерге) көмек көрсетеді; ата-аналарға (заңды өкілдерге) және балаға сөйлеуді дамыту бойынша қызықты ойындар мен жаттығуларды (практикумдар) ұсынады (көрсетеді).

Педагог-психолог эмоционалды-тұлғалық мәселелерді анықтайды; таным процестерінің даму деңгейін анықтайды (зейін, қиял); есте сақтауды, ойлауды дамытады, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын талдайды; баланың мектепте оқуға психологиялық дайындық деңгейіне диагностикалық тексеру жүргізеді.

Дене шынықтыру нұсқаушысы балалар мен ересектерге салауатты өмір салтын насихаттайды; үй-жайларда және далада ойналатын қимылды ойындарды, спорттық жаттығуларды ұсынады.

Медбике күн тәртібін құрастыруға және баланың дұрыс тамақтануын ұйымдастыруға көмек көрсетеді; әртүрлі аурулардың: ЖРВИ, тұмау, жіті 8 вирустық инфекциялар, жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар береді.

 КП педагогтері баланың танымдық, шығармашылық және музыкалық дамуына арналған түрлі тәсілдерді, ойындарды, жаттығуларды көрсетеді; мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша консультация береді.

 

 

Консультация мынадай мәселелер бойынша жүргізіледі:

 -балалардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктері;

 -ерте жастағы балаларды тәрбиелеу және дамыту ерекшеліктері;

 -ерте жастағы балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;

-балаларды әлеуметтендіру;

 -баланың сөйлеуін дамыту;

- балалардың балабақшаға бейімделуі;

 - көркем шығармашылықты дамыту;

- отбасындағы тәрбие мәселесі;

 -дамытушы бағдарламаны таңдау;

 -ойын әрекетін ұйымдастыру;

 -балалардың тамақтануын ұйымдастыру;

 -балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдайлар жасау;

 -балаға, оның жеке ерекшеліктеріне сәйкес білікті көмек көрсете алатын білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру қызметтері туралы хабардар ету.

Жаңартылған күні: 09.10.2024 11:16
Құрылған күні: 09.10.2024 11:20

Текст