Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы"
2023-2024 оқу жылында "Арай" бөбекжайында консультациялық пункт жұмыс істейді. Консультациялық пункт мектепке дейінгі білімге қатыспайтын балалардың ата-аналарына арналған.
Консультациялық пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы
білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп
жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған
отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
2023-2024 оқу жылында консультациялық пунктке 2023,2022,2021,2020 жылы туған балалары бар 13 ата-анаға қатысты.
Туған жылы 2023 ж. -5 бала,2022 жыл туған жылы - 6 бала,2021 жыл туған жылы -1 бала,2020 жыл туған жылы- 1 бала.
Консультациялық пунктің жоспарына сәйкес ата-аналарға (заңды өкілдерге) 5 кеңес берілді, сондай-ақ жеке кеңес беру 13 рет болды.
Ата-аналар тарапынан жиі қойылатын :балалардың балабақшаға бейімделуі,баланың сөйлеуін дамыту,көркем шығармашылық дамыту, қандай ойындар ойнау керек, ұсақ моториканың дамуы нені білдіреді деген сұрақтар қойылды. Логопед негізінен балалармен дыбыстарды қою, артикуляциялық гимнастика бойынша жеке жұмыс жүргізді.
Консультациялық пункте бөбекжай педагогтары ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді және баланы тәрбиелеу оқыту және дамыту мәселелерінде олардың педагогикалық құзыреттілігін арттырады.