«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылғы 18 қарашада логопедиялық және ПДТ топтарының тәрбиешілеріне, логопедтерге, дефектологтарға арналған семинар өтті. Тақырыбы: «Психикалық дамуы тежелген балалары бар арнайы топтардағы мамандардың жұмыс кезеңдері мен әдістері».
«Арай» балабақшасының педагогтары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, әрбір маман ПДТ балалармен жасайтын жұмыс тәсілдерін, фото және бейне презентация түрінде көрсетті. Олар: К.К.Бекбулатова логопед, Есимсеитова Г. Т. дефектолог, Кокишева А. Ж. дефектолог, Сагындықова С. С., Жаксылыкова Қ. С., Исмагулова А. С. ПДТ топтарының тәрбиешілері, Алимчаекова А.М. педагог – психолог, Асқарова Н. О. дене шынықтыру нұсқаушысы, Ахмеджанова Г. Е., әдіскер.