Ақмола облысы аудандары мен қалаларының мектепке дейiнгi ұйымдарында электрондық кезекте тұрған балалардың ата-аналарының назарына.
2018 жылғы ақпан айынын бастап «Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды кезекке қою» жаңа мемлекеттiк стандарты (БжҒМ 2017 жылғы 17 қазандағы № 518 бұйрығы) және кезектi қалыптастыру мен оның жұмыс iстеу үдерiсiн автоматтандыру және мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жолдамалар беру бойынша әдiстемелiк ұсынымдар енгiзiлдi, осыған байланысты әрбiр ата-ана электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуы қажет.
Қызмет қалай көрсетiледi:
«Кезекке қою және жолдамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi жаңа Стандартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.
Ақпараттық жүйе (https://akmola.kz, қолдау қызметi, +77710224503, дс — жм: 09:00 — 18:30) өтiнiш иелерiне кезекке қоюға өтiнiш беруге, берiлген өтiнiштi өзгертуге (байланыс деректерiне түзету енгiзу қосу), өтiнiштi кезектен алуға (кезектен шығу), мемлекеттiк немесе жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымға орналастыру үшiн жолдама алуға, жолдама алуға мүдделiлiктi көрсетуге мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта балабақшаға жолдама алу үшiн ата-аналардың өтiнiшiнде көрсетiлген баланың туылған жылы бойынша бiрыңғай қалалық кезек қалыптастырылады (белгiлi бiр балабақшаға арналған кезектер жоқ).
Кезектегi өтiнiштер кезекке қойылған күнiнен бастап басымдылық бойынша орналасады.
Жүйедегi жеңiлдiк санаттары екiге бөлiнедi:
Жолдама алу үшiн:
Егер ата-ана 3 жұмыс күн iшiнде балабақшаны таңдамаса және тиiсiнше жолдама алмаса, осы орын кезекте тұрғандардың барлығына, тобының және жас шамасына сәйкес қолжетiмдi болады (осы орайда балабақшаны таңдамаған өтiнiш берушi яғни, ата-ана жалпы кезекте қала бередi);
Егер өтiнiш берушi берiлген жолдаманы қолдану уақытын 3 рет өткiзiп алса, бала кезектен автоматты түрде шығарылады;
- егер баланың жасы 1-ке толса және одан асса;
- егер бала кезекте тұрса;
- балабақшада бос орын болса.
Мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу кезiнде кезектiң нөмiрi маңызды болмайды. Алайда ата-аналар мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу кезiнде баланың автоматты түрде кезектен шығарылатынын ескеруi қажет.