Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әжелер мектебі", "Аналар мектебі" туралы ереже

            «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ», «АНАЛАР МЕКТЕБІ»  ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

1.1. «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» өз қызметінде Қазақстан

Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы баланың

құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Білім туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

1.2. «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» балабақшалар жанында

ұйымдастырылады.

1.3. «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытудың үлгілік бағдарламасын іске асыратын мектепке дейінгі білім беру

ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.4. «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» балабақша

тәрбиеленушілерінің отбасы үшін (әжелер, аналар - заңды өкілдер) және

мектепке дейінгі ұйымға баратын 6 жасқа дейінгі балалар үшін құрылады.

1.5. Осы ереже мектепке дейінгі ұйым жанында жұмыс істейтін «Әжелер

мектебінің», «Аналар мектебі» қызметін реттейді.

1.6. «Әжелер мектебінің», «Аналар мектебінің» қызметі өтеусіз негізде

жүзеге асырылады.

2. «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебінің» мақсаты мен міндеттері

2.1. «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» қоғамдық-отбасылық өзара

ықпалдастықтың жаңа нысандарын дамыту, МДҰ-ның әлеуметтік мәртебесі

мен рөлін арттыру мақсатында құрылады.

2.2. «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебінің» негізгі міндеттері:

- отбасына баланы тәрбиелеу мәселелері бойынша көмек көрсету;

- ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық білімдерін кеңейту;

- отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін насихаттау;

- барлық отбасы мүшелерін МДҰ-ның қызметіне белсенді қатысуға және

мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге тарту;

- педагогикалық тәжірибе алмасу, ұлттық салт-дәстүрлер негізінде

өскелең ұрпақты тәрбиелеу;

- отбасында және МДҰ-да тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерінің

бірізділігін қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және нығайту;

- аға буынға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

 

 

3. «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебінің» қызметін ұйымдастыру

3.1. «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» қызметінің негізгі нысандары:

консультациялар, сұхбаттасу, пікірталастар, семинар-практикумдар, шеберлік

8

сыныптары, дөңгелек үстелдер, тәжірибе алмасу, бейнежазбаларды қарау,

викториналар, спектакльдер ұйымдастыру болып табылады.

3.2. «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» ата-аналарға мынадай сұрақтар

бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді:

- бала тәрбиесіндегі аға буынның рөлі;

- баланы тәрбиелеуде жас ата-аналар мен аға буын арасында

түсіністіктің қалыптасуы;

- балалардың эмоционалды және практикалық тәжірибесін

қалыптастыру;

- мектеп жасына дейінгі балалармен өзара әрекет ету тәсілдері;

- мектеп жасына дейінгі баланың табысты әлеуметтену процесіне

отбасының ықпалы.

3.3. «Әжелер мектебі», «Аналар мектебінің» қызметін жүргізу үшін

мынадай құжаттаманы жүргізу қажет:

- «Әжелер мектебінің», «Аналар мектебінің» жұмыс жоспары;

- «Әжелер мектебінің», «Аналар мектебінің» жұмыс кестесі.

3.4. «Әжелер мектебінің», «Аналар мектебінің» жұмыс кестесін

мектепке дейінгі ұйымның басшысы бекітеді.

3.5. «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебіне» басшылықты мектепке

дейінгі ұйымның басшысы жүзеге асырады.

 

Жаңартылған күні: 11.11.2024 13:59
Құрылған күні: 11.11.2024 13:59

Текст