Тез бұзылатын тамақ өнімдерін бақылау және өткізу.
Диетсестра
Михайленко С.Г.
29.03.2022год
Мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс тамақтануының негізгі ережесі,күнделікті азығының құрамы барынша сан алуан болғаны дұрыс. Бала ағзасына пайдалы дәрумендері бар: ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жұмыртқа, жеміс жидектер мен көкөністер, қант және кондитерлік бұйымдарды, нан, дәнді дақылдар және т.б. азық түліктерін күнделікті тамақ 8лесіне қосып отырған жағдайда, баланын берік денсаулығын қамтамасыз етеаласыз. Бала ағзасының әртүрлі инфекцияларға қарсы тұруын: ет, балық, жұмыртқа, сүт, айран, ірімшіктің құрамындағы жоғары сапалы табиғи ақуыздары қамтамасыз етеді. Сондықтан осы азық түліктерді баланың күнделікті тамақтану үрдісіне қосыңыз. Дұрыс тамақтану өсіп келе жатқан жас ағзаның денсаулығы мен дұрыс өсуіне жағдай жасап, үнемі әсерін беретін маңызды фактор.Тамақтану ережесін ұйымдастыру.
Тамақтану ережесін ұйымдастырудың негізі ұсынылған азық түліктер жиынтығын ұстану болып табылады. Осы топқа енетін тағамдардың құрамы
мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориийлік құндылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде ең маңыздысы топ
ішінде жағымды эмоциялық көңіл
күй мен жақсы орта қалыптастыру. Балалар үстел үстінде ыңғайлы отырып, қажетті ыдыс аяқтармен қамтамасыз етілуі керек. Балалар тамақтануын ұйымдастырушылар, баланың үйде пайдалы тамақтануымен үйлесімін табуы керек.Үйдегі тамақтанудың, балабақшаның тамақтану үлесін толықтырып отыруына қол жеткізуі керек. Осы мақсатта, ата - аналар балаларының балабақшадағы күнделікті ас мәзірінен хабардар болып отырады. Балаңызды балабақшаға апарар кезде, тамақтану тәртібі мен тәбетін бұзбау үшін, үйде тамақтандырмауға кеңес береміз. Бірақ, балаңызды ертерек әкелетін болсаңыз, шай, шырын немесе жеміс беруге болады.
Бейімделу кезеңіндегі тамақтану.
Балалар тамағын ұйымдастыруда,ерекше назар аударатын жайт,
баланың бейімделу кезеңіндегі тамақтану тәртібі.Үй тәрбиесіндегі баланың
бақша тәрбиесіне өту кезеңі қашанда, анықталған психологиялық қиыншылықтармен бірге өтеді. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым
балабақшадағы ортаға бейімделуі қиынға түседі. Осы тұста, көбінесе,
баланың ұйқысы бұзылып, тәбеті төмендеп, жалпы ағзасының ауруларға
қарсы тұратын қорғаныштық қабаты да әлсірейді. Бала үшін осы кезеңде,
дұрыс тамақтандыруды ұйымдастырса, ол ортаға бейімделіп, ұжымға тез
үйренеді. Өздігінен тамақтануға үйретілмеген балаларды тамақтандыру үшін,
тәрбиешілерге, дұрыс тамақтандыру тәртібі жөнінде кеңестер беріледі. Ондай балаларды қолдан тамақтандырыңыз,
егер осы кезде бала қарсылық танытса, күштеп тамақтандыруға болмайды. Осы әрекет баланың балабақшаға деген жағымсыз көзқарасын күшейте түседі (бақшада жарты күн болатындарын, үйлерінде тамақтандырсын)
Баланың үйде тамақтануы.
1. Балабақшадағы қабылданған тамақтану тәртібі және тамақ
қабылдауының ұзақтығы мен жиілігі жайлы ата-аналар біліп, сол ережені үйде ұстанулары керек.
2. Балаларға тамақ арасында бутерброд пен тәттілерді беруге болмайды.
Осы тағамдар, баланың асқорыту жүйесінің қалыпты жұмысын бұзып, тәбетін қаштырады.
3. Отбасындағы дұрыс тамақтану тәртібі баланың бақшадағы
тамақтану үлесіне қосымша болып, жағымды әсер береді. Үй жағдайында,
балаңызға сүйікті тағамын әзірлеп беруіңіз
ге болады. Бастысы, ата-аналар бала ағзасына пайдалы азық-түліктер жайлы білуі керек.
4.Ата-аналар баланың күнделікті тамақтануына қажетті азық-түліктер жайлы білуі керек.
5. Сүт, ет, көп мөлшерде көкөніс, жемістер, өсімдік және сары майдың тәуліктік мөлшерінен асырмай пайдаланған жөн.
6. Балаға негізгі тамақтан соң аз мөлшерде тәттілерді (тосап, зефир,
мармелад, жеміс езбесін т.б.) беруге бола
Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 59 Бұйрықпен
бекітілді
Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар " тамақтану объектілерінде перспективалық маусымдық (жаз - күз, қыс-көктем) екі апталық ас мәзірі жасалады, нысан басшысы бекітеді. Ас мәзірін жасаған кезде, отандық өңіріңдегі өнімдердің ассортименті ескеріледі. Балалардың тамақ өнімдерін, витаминді-минералды кешенмен байытады.
Бекітілген перспективалық мәзір нақты тамақтану рационына сәйкес келуі тиіс. Кейбір жағдайларда тамақ өнімдерін ауыстыру рұқсат етілген, 6-қосымшаға сәйкес санитариялық қағидаларда келтірілген.
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін төмен температуралы тоңазытқыш жабдықтарында және тоңазытқыш камераларында сақталынады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.
№ |
Азық-түліктің атауы |
Сақтау мерзімі және іске асыру кезінде температура +2 – 6 °С, кем емес, сағ |
1 |
Сиыр еті |
48 |
2 |
Тауық еті |
48 |
3 |
Пастерленген сүт |
36 |
4 |
Айран |
36 |
5 |
Майсыз сүзбе |
24 |
6 |
15% қаймақ |
36 |
7 |
Кілегейлі ірімшіктер |
72 |
8 |
Мұздалған балық |
48, 0 температурасында 8С |
9 |
Пісірілген көкөністер, аршылмаған |
6 |
Объектілерде:
1) мыналарды:
ұйыған сүт, сүзбе мен айранды;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтерді, форшмактарды, сілікпелерді, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік бұйымдарды;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік бұйымдар мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье, халва, мармелад, пастила);
морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған бұйымдарды;
шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақты;
өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті ішімдіксіз сусындарды, ішімдіксіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қапталған минералды және ауыз судан басқа);
фаст-фудтарды: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нандарды;
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
2) мыналарды:
пастерленбеген сүтті, термиялық өңдеусіз сүзбені және қаймақты;
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың қосымша ет өнімдерін;
механикалық түрде еті сылынып алынған өнімді мал етін және құс етін;
құрамында коллагені бар құс етін;
сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) генетикалық түрлендіру көздері бар шиізаттарды;
йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды пайдалануға жол берілмейді.
116. Жаппай сауықтыру емшаралары ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.
117. Объектілердің ас блогында ұйымның медицина қызметкері немесе жауапты адамы күн сайын осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.
Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде құрамына медицина, әкімшілік, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, обьекті басшысының бұйрығымен айқындалады.
118. Объектілердің ас блогында күн сайын аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) толық көлемде алады және +20С-тан +60С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынама келесі күні немесе демалыстан кейінгі (демалыс күндерінің санына қарамастан) күні дайындалған таңғы ас, түскі ас, бесін немесе кешкі ас тағамымен ауыстырылғанға дейін кемінде жиырма төрт сағат сақталады.