«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ» ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. «Әкелер мектебі» өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын басшылыққа алады.
1.2 Осы ереже «Әкелер мектебінің» қызметін реттейді.
1.3«Әкелер мектебі» баланы тәрбиелеу мен оқыту және дамыту
мәселелерінде МДҰ мен отбасының күш - жігерін біріктіру мақсатында
ұйымдастырылады.
1.4.Міндеттері:
- әкенің беделін арттыру және оның отбасында балаларды тәрбиелеудегі
ықпалы;
- балаларды жан-жақты дамыту процесінде ата-аналар мен
педагогтердің өзара ықпалдастығы;
- балалар мен ата-аналар арасында оң қарым-қатынас қалыптастыру;
- балаларды тәрбиелеуде әкелерге психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсету;
- ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық мәдениетін арттыру;
- ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу-білім беру
процесіне тең құқылы және тең жауапты серіктестер ретінде тарту;
9
- отбасы мүшелерін өзара ымыраға келуге және оларды басқа әлеуметтік
салаларда қолдана білуге үйрету;
-балалар мен ата-аналардың оң қарым-қатынасын насихаттау.
1.5. «Әкелер мектебінің» мүшелері ата-аналар/әкелер (заңды өкілдер)
болып табылады.
1.6 «Әкелер мектебі» қызметінің негізгі қағидалары: еріктілік,
құзыреттілік, жеке көзқарас, ашықтық, кері байланыстың тұрақтылығы,
педагогикалық этиканы сақтау.
1.7. «Әкелер мектебінің» ережесін, жұмыс жоспарын МДҰ басшысы
бұйрықпен бекітеді, жұмыс бағыты МДҰ басшысының бұйрығы негізінде
жүзеге асырылады.
2. «Әкелер мектебі» жұмысының негізгі бағыттары:
2.1. Отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін насихаттау.
2.1.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың
педагогикалық мәдениетін арттыру.
2.2. Қоғамдық-отбасылық өзара қарым-қатынастың жаңа нысандарын
дамыту.
2.3. «Әкелер мектебіне» жалпы басшылық ету мектепке дейінгі ұйым
басшысына жүктеледі.
2.4. «Әкелер мектебін» ұйымдастыру нысандары: консультациялар,
сұхбаттасу, пікірталастар, семинар-практикумдар, шеберлік сыныптары,
шығармашылық шеберханалар, дөңгелек үстелдер, отбасылық тәрбие
бойынша тәжірибе алмасу, педагогикалық жағдаяттарды шешу.
2.5. «Әкелер мектебінің» қорытынды отырысында жүргізілген
жұмыстың нәтижесі мен тиімділігі талқыланады.