Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылға арналған есеп

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

1.      Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жаныңдағы Көкшетау қаласының «Арай» бөбекжайы» МКҚК. Мекен жайы: Көкшетау қаласы, Сарыарқа м/а ғимарат 7/1.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

"Арай" бөбекжайында «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

  2023 жылы – 57 қызмет көрсетілді;

  электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 54;

  қағаз түрінде көрсетілген  қызметтер саны – 3.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.  Бөбекжайында ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары,сұхбаттар,  кездесулер).

2023 жылы қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1.      Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері   Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының «Арай» бөбекжайы» МКҚК аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді.

Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Бөбекжайында мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер қызмет көрсетеді. 2023 жылы қызметкерлер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес  білім беру ұйымдарында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

  Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде.

            2024 жылы жеке тұлғалар мен педагогтарды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Меңгеруші                                                Курмашева Н.Ж.

 

 

Жаңартылған күні: 20.02.2024 17:29
Құрылған күні: 20.02.2024 17:29

Текст