Тақырыбы: «Кемпірқосақ жолдарында»
Ересектер тобы,топта барлығы 23 бала, соның ішінде 12 бала қатысты. Жалпы топ бойынша балалардың білімі жақсы.
Мақсаты:Білімділік: Балаларға жыл бойы өтілген оқу іс-әрекеттеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білімі-білік дағдыларын сараптау.
Дамытушылық: Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: балалармен шаттық шеңбер, сергіту сәтін жаттадық.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар, сабаққа байланысты суреттер, дидактиалық ойындар.
Пәнаралық байланыс: сөйлеу дамыту және математика
Алдыма қойған мақсатыма жеттім. Шаттық шеңбер, сергіту сәтін тақырыпқа сай болды. Оқу іс-әрекеттінде уақытында аяқталып, қорытынды жасалды. Көрнекіліктер,үлестірмелі материалдар пайдаланылды.
Алдағы уақытта балалардың сөздік қорларын дамыту жұмыстарын жүргізуді жалғастырамын. 1-10 сандарға байланысты дидактикалық ойындарды қолдануды жалғастырамын. Балаларға көбіне өздігінен жұмыс істеуге көңіл бөлуге тырысамын.