Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің, Жаңа жыл! Ертеңгілік

Қош келдің, Жаңа жыл!

Ертеңгілік

Тәрбиеші: Садуова А.Б.

                                                                                                               Бекишева Ж.Ж.

Музыка жетекшісі: Доғай Е.

№9 «Шұғыла» ересек тобы

Жоспар:

Балалардың музыка әуенімен билеп кіруі.

Аққала(сахна артынан атып шығады)

Тақпақ: Асылым, Әділхан, Айғаным, Амина, Мухамедали, Асанәлі.

Би: Аққала

Ойын: Қар ұшқындарын жинау

Ән: Жаңа жыл

Қоян келуі.

Ән: Ақ қоян

Тақпақ: Диас, Аяна, Райан, Санжар, Әсем, Шоқан.

Ойын: Ақ қоян

Аяз Ата мен Ақшақар келеді.

Тақпақ: Айару, Айсезім, Алдияр, Жансулу, Айлана.

Би: Ақшақар

Ән: Аяз Ата-Ақшақар

Қорытынды

 Мақсаты: Балаларда мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аударту, көңілді ойындар ойнату.

Кейіпкерлер: Аққала, Қоян, Аяз ата, Ақшақар.
Балалар әсем әуенмен билеп кіреді.

 

 Жүргізіші :                                                                                                                      

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бәрімізге болсыншы  жыл арайлы!

Аққала (сахна артынан атып шығады)

 

Ой мұнда не болып жатыр? У – шу. ААА білемін сендер Жаңа жылды тойламақ болып жасыл шырша жанына келген екенсіңдер ғой. Қандай керемет. Балалар ал мен ше, сендермен бірге Жаңа жылды қарсы алсам болады ма? Көп бөгелмеймін.

 

 

Жүргізуші:- Ендеше, келген қыс мезгілі тақпақтарымызды айтайық. Аққала біздің балалардың өнерін көріңіз.

 

Асылым:

 Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр


Әділхан:

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын


Айғаным:

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Жанерке:

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.


Амина:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Мухамедали:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып

Асанәлі:

Кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса Ақшақар

Ойланып жауап береміз

 

 

 

 

 

 Аққала: Мәссаған сендердің тақпақтарын керемет екен. Ал, сендер менің өнерімді тамашалағыларың келеді ме?

Би: Аққала

Қимылды ойын : «Қар ұшқындарын жинау»

Жүргізуші :

Қандай керемет. Рақмет сізге Аққала.

Аққала: Ал , балалар сендерге де рақмет, керемет көңіл – күйде мен сендер-мен қоштасамын. Тағы да өз өнерімді көрсетуге жолға шығайын.
(қоштасады, сау болыңыз)

Жүргізуші:

Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.

Ән  : «Жаңа жыл».

Жүргізуші:

Қыздар , жарайсыңдар. Балалар айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (Балалардың жауабы – Аяз ата, Ақшақар)

Дұрыс .

Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі:

Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет

Қоян :
- Мен қорқақ қоянмын, қатты айқай – шу болып жатыр, не болып қалды деп сұрасам, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Сол Жаңа жылды сендермен бірге өткізсем боладыма?
(осы кезде қоян шыршаға таң қалып қарап отырып қалады)

Жүргізуші:
- Қош келдің Қоянжан. Төрлет бізге қонақ бол.

Ән: Ақ қоян

Қоян : Балалар сендерге келгеніме қатты қуанып қалдым ғой. Керемет ән болды.

Тақпақ:

 

Диас:

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.



Аяна:

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы  жаңа жыл кеп,
Мерекені бастаған.

Райан:
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де


Санжар

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Әсем

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.


Шоқан
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

 

Қоян : Балалар мен сендермен ойын ойнасамба деп едім.

Қимылды ойын «Ақ қоян»

Жүргізуші : Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.                         

Қане қатты айқайлап оларды шақырайық, бәлкім естімей қалған болар.

 

Бәрі: Аяз ата, Ақшақар 3 - рет
(Аяз ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым,
өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да,
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы,
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: - Аяз ата!Аяз ата!
Ақшақар:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт - жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші:                                                                                                             

- Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсемәні де, биі де бар,
Отырата, сәлдем ал.
Тақпақтар:

 

Айару:

Қайда қызық болса думан, 
Аяз Ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.
Айсезім:

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл

Жансулу:

Жапалақпақ ақша қар

Жайды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап

Алдияр:

Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе аман алыстан

Сәлем Аяз атамыз

Айлана:

Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз Ата сағынған

Камиль:

Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса, жаусын Ақшақар

 

Би: Ақшақар

Ән: Аяз Ата-Ақшақар

Жүргізуші:

Аяз - Ата:

Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Менің сендерге әкелген сыйлықтарым бар. Соны таратайын.

Жүргізуші:

Аяз ата барлығымыз естелікке суретке түсейік.

Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Текст