Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана қуанышы» кафесі

 «Ана қуанышы» кафесі

Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып,аналарын ешқашан ренжітпеуге ,қолғанат болуға,әрқашан құрметтей білуге үйрету.

Зал іші үстел мен орындықтар қойылып кафе ретінде безендірілген. Үстел үстіне гүл қойылған. Ата-аналар үстелдерге жайғасып отырады.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар!

                    Армысыздар, мейірімді әжелер!

                    Сіздерді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

                    Ана десем сезім билер тым ыстық,

                    Жарасады адамдарға туыстық,

                    Бар адамға берсе ананың мейірімін

                    Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Әуенмен балалар залға кіріп, жарты шеңберге тұрады.

Ән: «Анашым»

Жүргізуші: Наурыз айы келіп күн жылынды. Бұл аналарымызды құттықтайтын уақыт келді деген сөз.Балалардың құттықтау тақпақтары.

Айсана.

8 Наурыз 23 жыл көктемі,

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,

 Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Ө.Алихан: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
                  Ана дейді жас сәби де жарқылдап
                  Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
                  Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
                  Ана деген - асыл жандар болаттай
                  Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
                  О, адамдар қадірлей біл ананы
                  Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.

Аян:

 Анам менің – аялаған ақ гүлім
        Анам менің – бақытым мен шаттығым
       “Анашым” – деп балаң жырын арнаған
        Неге ғана естімеген тәтті үнін
       Анам менің – өмірдегі тірегім
      Анам менің – кеудемдегі жүрегім
      Егер менің қасымда сен болмасаң
      Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Қайсар:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

 Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Қ.Аяулым:

Аналарды теңейміз ғой  құндызға,

Күнге де, айға да, жұлдызға

Өмір бақи анаменен

Бақытты ғой ұл қыздар.

 Жүргізуші: Сіздер өте ерекше кафеге келіп отырсыздар, себебі осы кафенің иесі-балалар. Олар өздерінің міндеттерін өте жақсы біледі.

Сонымен біздің кафеде бүгін-көңілді концерт. Біздерді көп қызықтар күтуде. Бірақ ең бастысы-ол сіздердің көңіл-күйлеріңіз. Ал сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру үшін сіздерге Джентельмендер биін арнаймыз.

Би: «Джентельмены»

Қыздардың орындауында “Тал бесік”әні

Жүргізуші: Қымбатты аналар, ал қазір балалар сіздерге тақпақтарын арнайды.

Тақпақтар:

Ханшайым:

Анашым аппағым

Өзің  жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Алинұр:

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды

Болсын әркез  көтеріңкі көңілдер

Нұрын шашсын меркеге өңірлер

Медина:

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болсам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті  ұғамын

Анель:

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған

Шапақтарың бар әлемге таралған,

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,

Орындалсын жүректегі бар арман!

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

Әсет:Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым.

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

 Анашым деп мақтанам

Ерболат:

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Балалардың орындауында Оркестр

Ән:”Апатайым анашым”    

Залға әуенмен Шапокляк келеді. («Крокодил Гена» мф әуен)

Шапокляк: Сәлеметсіздер ме, ха-ха, мен қайда тап болдым. (жан жағына қарайды)

Шапокляк: Қорықпаңдар және таң қалмаңдар! Себебі мен ең әдемі әйелмін, сондықтан да бүгін сендердің мерекелеріңе келдім! Ох, мен қанша құттықтау телеграммаларын алдым, тіпті басым айналып кетті. Мені тіпті Крокодил Генаның өзі және Карлсон құттықтады. (шляпасын түзейді)

Шапокляк: (сумкасынан айнасын алып қарайды) Айнам, айнам, менен асқан сұлу бар ма, жоқ па, тек шыныңды айтшы!

Дауыс шығады: Сіз өте сұлусыз, бірақ жер бетінде аналар бар, олар сізден де сұлу. Барлығы мейірімді, әдемі және де өте еңбекқор. Олар қазір сіздің алдыңызда отыр. Өздерінің балаларына қарап отыр.

Шапокляк: Ах ақымақ айна, мүмкін емес, сен өтірік айтасың! (ашуланады)

Шапокляк аналардың қастарына отырып өзін солармен салыстырады.

 Шапокляк: Ой, шыныменде барлығы әдемі екен! Мейірімді екен! Қазір мен олардың мейірімділіктерін жоқ қылып жіберейін. Кощейге звондаймын тап қазір.

Телефон алып нөмір тереді: Алло! Кощеюшка? Сәлеметсіңбе! Мен ғой. Бір мәселе шығып тұр. Аналар менен де әдемі болып шықты. Иә! Көңіліме қатты тиіп тұр, Кощеюшка! Мейірімділіктерін жоқ қылып жіберу керек. Не? (телефонды құлағынан тез алып тастайды) Көмектескісі келмейді. Ештеңе етпейді, өзім-ақ шеше аламын. (жұдырығын түйеді) Көрсетейін мен сендерге.

Жүргізуші: Тоқтаңыз, қымбатты Шапокляк, бізге ренжудің қажеті жоқ. Сізге одан да бізбен татуласқаныңыз жөн.

Шапокляк: Татуласу дейсің бе? Жарайды! Мереке де жақсы өтіп жатқан сияқты.

Жүргізуші:Ия біздің балалардын тақпақтары бар

Елнар:  Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

 Мейрімдіт ғой керемет
Б. Аяулым: Суық күнде тоңбады ма деп
                    Әлде жолы болмады ма деп
                    Жалғызсырап қалмады ма деп
                    Мені ойлап қам жемеші мама
                    Саған тартқан менің күлгенім
                    Сенің арқаң шалқып жүргенім
                    Қасыңдамын, әркез біргемін
                    Мені ойлап қам жемеші мама
                    Мені ойлап қам жемеші ана
Батырхан:  Сен қуансаң мен бірге қуанам
                   Саған ғана сенемін, жұбанам
                   Аспандағы ай - күнімсің маған
                   Баға жетпес байлығымсың ана
                   Ардақты анам, аяулы мама.

Тоғжан:

Ананы мен жақсы көремін

Ана шаттық, бақыт береді.

Анаменен барлық адам,

Бақытты болып жүреді.

Ахмедяр:

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан.

Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.

Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам

Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген.

Тілін алсам - айналған, күнәм болса - өшірген.

Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын!

Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр.

Шапокляп: Олай болса мен сендерге ойын ойнатамын. Сонда көрейін мен сендердің қандай әдемі, мейірімді екендеріңді!

Ойын: «Баланды алақанынан таны»   

Шарты: барлық балалар шеңберге тұрады.Бір ана ортаға шығып өз баласын алақанынан тану керек.

Жүргізуші: Міне, Шапокляк, ешкімнің көңілін бұзған жоқсың, себебі біздің мерекеміз көңілді жалғасып жатыр.

Шапокляк: Жарайды, солай ақ болсын! Менің кетуім керек. Мыстан кемпірге барып мейрамымен құттықтауым керек. Айтпақшы, ұмытып бара жатырмын. (жұмбақ жасырылған телеграмма шығарады) Почтальон Печкин сендерге телеграмма беріп жіберді. Онда бір жұмбақтың шешімін табу керек дейді. (күледі)

Жүргізуші: Ал сен бөтен телеграмма, хаттарды оқуға болмайтынын білесің бе!

Шапокляк: Бола ма, болмай ма, алыңыз, әйтпесе ойымнан айнып қаламын. Жарайды, сау болыңдар барлығың, ХА-ХА! (кетіп қалады)

Жүргізуші: Балалар бұл хатта жұмбақ жасырылған.Қане, балалар, жұмбақтың шешімін табайық.

Жұмбақ: Дегенімді жасайтын

                Қалған тамағымды асайтын

                Ертіп алып жетектеп

                «Немерем» - деп атайтын?

               Ол кім?                                       Жауабы: Әже.

 

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ол сендердің әжелерің.

Құрметті біздің көктемгі кафенің қонақтары! Бүгін балалар әжелерге арналған тақпақтарын айтып береді.

Айлин

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді!

Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Ән: «Әжем менің» 

Әмірхан:

Ана пана

Ана дана

Өмірді әкелетін

Ана ғана.

Данияр:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Малика:

О, періште Анам!

Келді көктем күннің,

Күлімдейді гүлің –

Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін!

Жұмақ-құшақ панам,

Күндей нұрлы санаң!

Қызығын көр ұл-қыз,

Еңбек сүйгіш Анам!

Мағжан:

Анашым шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.

Анель:

Ана- дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана -дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана -деген бәйтерегі өмірдің,

Ана -деген қазық алтын бақ.

Ана-деген бәйтерегі өмірдің,

Ана-деген қуанышы көңілдің.

Ана-деген әрбір үйдің жылуы,

Ана-деген гүлі туған өмірдің.

Аруана:

Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетпейді көзіне,

Мейірімді күннен де

Үн қатасын бал тілінмен,

Еркелеймін әр күнмен

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен

Т.Алихан.

 Еңбек еткен біз үшін

 Еркелеткен біздерді

 Мәпелеткен біздерді

Армандарға жетерміз,

 Құстай ұшып кетерміз.

 Ыстық құшақ анашым,

 Сізді бақытты етерміз.

 Анамызға мың алғыс

Осы кезде есік қағылып Көктем ару кіреді

 Көктем: Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтын

Түбіне тал екенмін

Гүл боп қырды егілем

Дән боп жерге себілем

Жаңбыр болып жауам да

Нұр боп көктен төгілем

Шуағын төгіп әлемге

Жылуын күннің әкелем.

Жүргізуші:Амансың ба Ару көктем.Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз.Шуағынды шаттандырып,нұрынды мол төгебер

Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін ,гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп тұр  деп гүлдерді таратады.

 Жүргізуші:Ал Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған биін тамашала

Би: «Гүлдер» биі(қыздардың орындауында)

Жүргізуші: Біз аналарымыздың өте әдемі, бақытты болғанын қалаймыз. Сондықтан да аналарымызды Вальс биіне шақырамыз.

«Аналармен вальс би»  Шарлар жіберіледі

Барлығы отырып, балалар жартылай шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Біз аналарымызға сыйлық дайындадық. Слайд.

 Барлығы бірге: Сенің анаң-Алтын, менің анам-Алтын, Сіздерді жақсы көреміз!

 Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.

Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер! Біздің жайлы кафеміздегі мерекеміз де аяқтала келді. Сіздерге бақыт, денсаулық, қуаныш тілейміз! Сіздердің әдеміліктеріңіз үшін, мейірімділіктеріңіз үшін, осындай сендерді қатты жақсы көретін балалар үшін рахм

 


Текст