«Арай» бөбекжайы, дене тәрбиесі нұсқаушысы:Есимов А.О
- Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру
- Ұлттық ойындар арқылы отансүйгіштік сезімін дамыту
- Достық пен топтық жұмысқа үйрету
(Балалар залға бірінің артынан бірі жүріп кіреді)
Дене тәрбиесі нұсқаушысы:
– Қайырлы күн, балалар! Бүгін бізде ерекше күн – Спорт күні! Біз денемізді шынықтырып, жылдамдығымызды сынап, ұлттық ойындар ойнаймыз. Бәріміз бір-бірімізге қол соғып, жақсы көңіл-күй тілейік!
(Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы тілектер айтады.)
Дене тәрбиесі нұсқаушысы:
– Ендеше, жаттығуды ұлттық дәстүрімізден бастайық – асықпен!
Жаттығулар:
1. Асықты жоғары лақтырып, қағып алу – әр бала асықты алақанына салып, жоғары лақтырып ұстайды (5–6 рет).
2. Асықты бір қолдан екінші қолға беру – қол бұлшықеттерін жаттықтыру.
3. Асықпен «дөңгелек айналдыру» – еденде асықты айналдырып жіберу.
4. Асықты бір қашықтыққа домалату – көз мөлшерін дамыту.
Балалар 2 командаға бөлінеді. Командалар өздерін таныстырады.
Эстафета түрлері:
1. Допты аяқтың арасынан беру – алдыңғы бала артқа, соңғы бала алға береді.
2. Секіргішпен секіру – белгіленген жерге дейін секіріп барып, кері қайту.
3. Тунель- жүгіріп тунельге кіріп, конустан айналып, артқа қайту.
4. Кедергілер жолы – конустардың арасымен жыланша жүгіру.
1. «Арқан тартыс» – күш пен бірлікті тексеру.
2. «Бестемше» – жерге жайылған үлкен Бестемшеде ойнау
3. «Асық ату» – нысанаға асық тигізу жарысы.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы:
– Жарайсыңдар, балалар! Бүгін бәрің белсенді, шымыр, мықты екендеріңді көрсеттіңдер. Спорт – біздің сергек өміріміздің кілті!
Барлық балаларға «Көңілді спортшы» Алғыс хат қатысқандары үшін беріледі.