Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Гүлге оранған ханзада мен ханшайым» байқауы

«Арай» бөбекжайы

Музыка жетекшісі: Калиева А.У

2025ж

«Гүлге оранған ханзада мен ханшайым» байқауы


Мақсаты:
Балалардың өнерге, әсемдікке, сұлулыққа деген сүйіспеншілігін арттыру; өзін-өзі еркін ұстауға, сахнада сөйлеуге, көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Қатысушылар:Мектепалды топтағы ұлдар мен қыздар (жұппен қатысады – ханзада және ханшайым)

Ұйымдастырушылар: Тәрбиеші, музыка жетекшісі
 

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді, сахна гүлдермен безендірілген.)

Жүргізуші:


Қош келдіңіздер  балалар ,қонақтар!
Бүгін бізде ерекше мереке – «Гүлге оранған ханзада мен ханшайым» атты әсемдік пен өнер байқауы өтпек.
Біздің ханзадалар мен ханшайымдар – бүгінгі ертегінің басты кейіпкерлері!
Олай болса, шапалақпен қарсы алайық!
 

1-бөлім: "Таныстыру"


Жұптар кезекпен сахнаға шығып, өздерін және бір-бірін таныстырады. (Тақпақ, өлең, қысқа көрініс арқылы болуы мүмкін)
Мысалы:
– Мен – Алишер, гүлдерді сүйетін ханзадамын.
– Ал мен – Аруназ, әсемдік пен мейірімділік ханшайымымын!
 

2-бөлім: "Гүлдер әлемі" (шығармашылық бөлім)


Әр жұп алдын ала дайындаған гүл тақырыбындағы көркем өнер туындысын ұсынады:
- Гүл пішінді баскиім
- Гүл композициясы
- Өз қолымен жасалған гүлмен безендірілген киім

Қысқаша түсіндіру беріледі:
– Бұл раушан гүлінен шабыт алған ханшайым көйлегі.
– Мен бұл гүлді анама арнадым!
 

 

3-бөлім: "Өнер көрсетілім"


Әр жұп шағын өнерін көрсетеді:
- Би
- Ән
- Жұптық сахналық көрініс
- Музыкалық аспапта ойнау
 

4-бөлім: "Гүлден жасырылған сұрақ" (интеллектуалдық ойын)


Себеттегі әр гүл ішінде бір сұрақ жасырылған.
Мысалы:
- Қандай гүл көктемде бірінші гүлдейді?
- Гүлдерді не үшін сыйлайды?
- Сен қандай гүл болғың келеді?

Марапаттау музыкамен бірге өткізіледі, барлық балаларға гүл мен тәтті сыйлықтар таратылады.

Жүргізуші қорытынды сөзі:


Бүгінгі мерекеде гүлдей жайнаған балаларымыздың өнеріне тәнті болдық!
Әрқайсысы – болашақта үлкен сахнаға лайық тұлғалар.
Рақмет, кішкентай ханзадалар мен ханшайымдар!
 


Текст