Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Шар әлеміндегі қызықтар!”

«Арай» бөбекжайы

Музыка жетекшісі: Калиева А.У

Дене тәрбие нұсқаушысы: Есимов А.О

31.07.2025ж

 

“Шар әлеміндегі қызықтар!”

(Ойын-сауық)

 

Мақсаты: Балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, көңілді орта қалыптастыру.

 

Қатысушылар: 2 топқа бөлінген балалар (әр топта 5–6 бала)

Қажетті құралдар: түрлі-түсті үрленген шарлар, конустар немесе жалаушалар (эстафета белгілеу үшін), музыка құрылғысы,ракетка.

 

Жүргізуші:

— Қош келдіңдер, балалар! Бүгін біз “Шар әлеміне” саяхат жасаймыз! Бұл әлемде көңілді, қимылды, жарысқа толы ойындар бар. Шарлар бізге түрлі тапсырмалар дайындап қойыпты! Дайынбыз ба?

 

Балалар хормен:

— Иә, дайынбыз!

 

Негізгі бөлім

Ойын 1: «Шарды қасықпен жеткіз»

Мақсаты: Жүйке жүйесін дамыту, тепе-теңдік сақтау.

 

Шарты: Әр бала қасыққа үрленген шарды қойып, белгілі бір қашықтықты жүріп өтіп, қайта оралады. Қолыңызбен шарды ұстауға болмайды! Келесі балаға береді.

 

 

 Ойын 2: «Шарды тізеге қысу»

Мақсаты: Ойын арқылы көңіл көтеру, үйлесімді қозғалыс дағдысын қалыптастыру.

 

Шарты: Шарды екі тізенің ортасына қысып алып, секіріп немесе жүріп барып, межеге жетіп, шарды келесі ойыншыға беру.

 

Ойын 3: «Шарды жарып жібер!»

Мақсаты: Қорқыныштан арылту, батылдыққа тәрбиелеу.

 

Шарты: Балалар бір-бірлеп келіп, отыратын орындыққа қойылған шарды отыру арқылы жарып жібереді.

 

 Ойын 4: «Шарды жолдан домалату»

 

Мақсаты: Қол-көз координациясын дамыту.

Шарты: Әр бала шарды жермен домалатып, белгіленген сызыққа дейін апарып, кері қайтады. Қолмен көтеруге болмайды.

 

 -Балалар екі щеңберге отырып, шарларға өз қиялдарынан сурет салады.

 

-Енді еркін шарларды лақтырып, қағып алып ойнау.

 

Қорытынды

 

Жүргізуші:

— Балалар, бәрің өте жақсы ойнадыңдар! Достық жеңді, көтеріңкі көңіл-күй жеңді! Енді бәріміз бір-бірімізге алақанымызды соғып, бір-бірімізге ризашылығымызды білдірейік!

 

(Музыка қойылып,  балалар шеңберге тұрып, билейді)

 

 

 


Текст