Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жеңіс күні» (№ 12 «Нұр бөбек» тобы)

«Жеңіс күні»

Күні: 06.05.19.

Ортаңғы топ  № 12 «Нұр бөбек»

 

Мақсаты: Әскер туралы балалардың білімін қалыптастыру. Ұлы Отан соғысының ардагеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ержүрек, батыр, күшті болуға тәрбиелеу.

Ұйымдастырушылық   ізденіс

Тақпақ:
Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!
Балалар өлең жолдарын мұқият, қызығушылықпен тыңдайды -Балалар сендер «әскер» деген ұғымды қалай түсінесіндер?
-Әскерге бару әр баланың міндеті. Әр ер бала әскерге барып, азаматтық борышын өтеу керек.
-Біз  қазір  тату,  молшылықта,  бейбіт  өмір  сүріп  жатырмыз,  кімнің  арқасында.
-біздің  ата –бабаларымыз  біздің  болашағымыз   үшін немістермен  соғысып, жеңіп шыққан.  Бұл  1945  жылдың   9 мамыр  күні  болатын.   Осыдан  бері  бұл  күн  «Жеңіс күні»  деп  аталады.  Соғыс  4  жылға  созылды,  яғни  1941  жылы  басталып  1945  жылы аяқталды.  Осы  соғыста   бабаларымыз  көп  қиыншылықтар  көрді,  олар  күндіз  – түні соғысты,  ұйықтамады,  аш  жүрген  күндері  болды.  Соғысқа   байланысты  көптеген видеофильмдер  бар.  Қазір  бәріміз  интерактивті  тақтаға  көңіл  аударамыз.
Видеофильм  көрсету.
-Бұл   видеофильмде  не  туралы  айтылған?
-Соғысқа  қатысқан  ата –әжелерімізді  қалай  атаймыз?
-Дұрыс  айтасындар,  біз  оларды  құрметтеп  сыйлауымыз  керек.
-Қарандаршы,   балалар   мына  суретте  Әлия  Молдағұлова  мен  Мәншүк Маметова. Олар  да  соғысқа  қатысқан  батыр  қыздар.

Балалар,  біз  жеңіс  күніне  арнап   тақпақтар жаттаған болатынбыз,  айтып  берейік.

                                                                                    Айқын

 

Амина

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді ән болып

Келді бізге сән көрік.

Амирлан

Кіп кішкентай баламын

Ертең мен де өскенде

Ел қорғауға барамын.

 

Атам  Отан  қорғаған

Онда  қорқақ  болмаған

Алтын жұлдыз кеуде де

Нағыз батыр ол маған.

Айзере                 

Елін жерін сүйетін

Ертеңі үшін күйетін

Рухы биік ұланбыз

Болашаққа сенетін.

 

Билингвальдық компоненті: Жеңіс күні  - день  победы,  9 мамыр- 9 мая.

Кел ойнайық, ойнайық,

Текке қарап тұрмайық,

Ойын ойға жетелер,

Ойынға біз тоймайық.

-Балалар,  біреудің жылаған дауысы естілген сияқты, барып қарап корейік.

- Бұл жарақаттанып қалған жауынгер екен, оған комегіміз керек, Амина мен Амирлан дәрігерлеріміз оған көмектеседі.

- Жарайсындар балалар, осымен біздің сабағымыз аяқталуға жақын.

- Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

- 9 Мамыр қандай күн?

- Қандай соғыс ардагерлерімен таныстық?

Күтілетін нәтиже:

Соғыс ардагерлері  туралы  білуі

Жеңіс  күні  туралы  түсініктерінің  болуы

Отанды сүю, құрметтеу, қорғауды білуі.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 08.05.2019 10:45
Құрылған күні: 08.05.2019 10:45

Текст