Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ертеңгілік: "Аяулы анашым"

«Аяулы анашым!»

( Ертеңгілігі )

 

 №3 «Алтын сақа» ПДТ тобы

 Тәрбиешілер: Сагындыкова С.С.

Кекенова А.Ж.

Музыка жетекшісі: Кенжалина Ж.Б.

Өткізген күні, уақыты:04.03.2026ж.

 

 

Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ешқашан аналарын ренжітпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

Кейіпкерлер: Жүргізушілер – Сагындыкова С.С, Кекенова А.Ж.
 

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал - жабдықтар: Безендірілген әсем зал, музыкалық аспаптар, муляждар, коляска, қуыршақ, кір жууға арналған құралдар, сыйлықтар.

 

Жоспар:

  1. Балалардың кіруі (педагогтармен бірге)
  2. Ән: «Анашым»
  3. Оркестр (қасықтармен)
  4. Қойылым: «Анаға көмек» (музыка ойналады)
  5. Ән «Көктем»
  6. Ойын: “Баламның мамандығы” (ата-анамен)
  7. Би: “Жүрекше”
  8. Тосын сый. Аналарына сыйлық тарату.

    

Жүргізуші: Аяулы аналар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз!

 

Балалар қолдарына аспаптарын алып, “Балқия” әнімен залға кіреді. Ортада ансамбль орындалады.

Балалардың орындауында «Анашым»  көңілді әні шырқалады.

 

Оркестр: Балалар қолдарына қасықтарын, қоңырауларын, ысқырауықтарын алып, әсем әуен орындайды.

 

Қойылым: “Анаға көмек” ортаға үш бала шығады: Ибрагим, Бексұлтан, Муслим өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Ибрагим тамақ әзірлеуге көмектеседі. Бексұлтан кір жуады, ал Муслим кішкентай бөпені тербетеді. 

 

Ән: “Көктем” балалар орындарында тұрып қимыл-қозғалыспен ән айтады.

 

Ойын:”Баламның мамандығы”. Шарты: Ата-аналарға бір-бір шар мен фломастер беріледі. Әр ата-ана  өз баласының болашақтағы мамандығын суреттейді.

 

Балалардың аналарына арналған “Жүрекше” биі орындалады.

 

Тосын сый. Балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлайды.


Текст