Текст
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын, туған жерін қорғай білуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйрету, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. Халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы балаларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.