Текст
1 наурыз күні елімізде бүкілхалықтық мереке-Алғыс айту күні мерекеленеді. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет пен ризашылықтарын білдіреді. Алғыс айту күні-қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Мерекенің басты мақсаттарының бірі-өскелең ұрпақтың бойында достық, бір-біріне деген құрмет пен төзімділік, патриотизм сезімдерін тәрбиелеу.