Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күз - жылдың тамаша мезгілі!

14.10.2022

Күз - жылдың тамаша мезгілі!

ертеңгілік

Тәрбиеші: Бекишева Ж.Ж.

Садуова А.Б.

№9 « Шұғыла» ересек тобы

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету.

Жоспар:

1)Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 

2)Тақпақтар

3)Ән «Күзге сәлем»

4)Күз ханшайымының кіруі

5)Мақал-мәтел

6) Би «Себеттер»

7)Ойын «Жемістер мен көкеністер»

8)Ән «Күз келді»

9) Саңырауқұлақтар мен алмалар»

10) Би «Жапырақтар»
 

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                     Жасымыз бен кәріміз.
                     Қырдан кепті қыдырып,
                     Алтын күз бізге нұр төгіп.

«Қош келдің, Алтын күз» атты ертеңгілігімізді әсем безендірілген тобымызда өткіземіз! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
 

 

1.Айғаным:

Қуандырып біздерді,

кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді,

кемелденсін халқымыз.    
Жеміс мол теретін,

күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,

жомарт екен күз деген. 

Жанерке:

Қыстың жақын қалғанын,

жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады,

жерге қонып үлгермей
Амина:  Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды, күн астында алтын дән, тербеледі толқиды    
Мухамедали:

Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 

Айлана:

Тоңазып атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 

 

(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)
Ән: «Күзге сәлем»
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.  
1.Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас.         

2.Санжар: Жердің сәні егін, ердің сәні білім 
Үйренбей білім жұқпас.                                       
3.Жансулу:  Егіндікті күз суар.         

 4.Диас: Арпа, бидай ас екен, Алтын күміс тас екен
              Күз суарсаң, жүз суар.              

 5. Не ексен соны орасың.  Күз суарсаң, жүз суар.                     

6. Жері байдың – елі бай.
 Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.
                                         Би: «Себеттер»

Күз ханшайымы: Мен сендерге асығып келе жатып хат таптым. Қане мен сендерге оқып берейін. Мына хат бақшадан екен.

          Сәлеметсіздер ме. Балалар бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп қалды, оларды жинап алды, бірақ бәрі араласып кетті! Оларды бөлек себеттерге кім салады екен? Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Балалар: Иә
                              ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Күз ханшайымы: —- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші:Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.
Ән: «Күз келді»
Күз ханшайымы: Тамаша. Ой, балалар бұл жерде екі хат болыпты. Қане ашып оқиық.

Салеметсіздер ме.  Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады.  Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр. Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге  алмаларды, ал тиінге саңырауқұлақтарды  жинап береміз!
                   ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»
Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.
Би: «Жапырақтар»
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,  бүгінгі «Қош келдің, Алтын күз.» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Просмотров: 2012


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст