Текст
Балабақшада СӨСҚО маманы балалармен тақырыптық сабақ өткізді және "қыс мезгіліндегі балалар жарақаттануының алдын алу"мультипликациялық фильмін көрді. Қыс мезгілінде жарақат саны айтарлықтай артады. Ауа-райына байланысты киіну, тек қана жазық төбешіктен сырғанау керек, шанамен тек арнайы бөлінген орындарда ғана сырғанау керек. Балаға көшенің жүру бөлігіне немесе темір жол төсеміне шығатын төбеден сырғанауға қатаң тыйым салынады.