"Менің Отаным-Қазақстан!"
Балалар залға музыка әуенімен кіреді. Қолдарында жалауша, гүл, шарлар ұстап шығады. Би қимылдарын орындайды.
Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер және балабақшабақша ұжымы! Баршаңызды Республика күні Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілейміз.
Бақыт бірлік күн талабы, Тоқтамайды дүбір әні.
Жүргізуші: :- Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.- Балалардың орындауында
"Біз бақытты баламыз" әні шырқалады №11 «Мөлдір бұлақ» тобы
Жүргізуші: -Біздің балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:- Сән — салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға бөбекжай бақшамыздың биші қыздарын шақырамыз.
Би : "Қамажай" мектепалды тобының бүлдіршіндері
Жүргізуші: Туған жер - ата қоныс, атамекен,
Бауыры талай жанға болған мекен.
Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға
Қазақ елі - ұлы ел, менің өлкем.
«Балдырғандар әнімен» №12 топ бүлдіршіндері
Жүргізуші: Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты-
«Дайдидау» ансамбль №9 топ балалары
Жүргізуші:- Күлімде күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!
- Ән : "Тал бесік" ересектер тобының қыздары
Ән: "Бала тілегі" №9 топ балалары
Жүргізуші:- Қызғалдақтай құлпырған,
Қойнауында нұр тұнған.
Өзім жайлы ән айтам,
Туған жерім жыр тұнған
«Бақытты бала» №10 топ Кәусар орындайды
«Жалаушалар» маршы №7,9,10,11 топтар
Тақпақтар:
«Бәйге» ұлдардың биі №9,11 ұлдары
Жүргізуші:- Стихотворение «Казахстан»
Мой Казахстан, ты Родина моя!
Всем сердцем я люблю тебя.
Всегда ты дорог мне в любые времена.
Люблю тебя моя страна.
Много на свете различных степей,
Но казахская степь всё ж красивей.
Много на свете разных стран,
Но лучше всех наш Казахстан! –
№7 гр с песней «Наш Казахстан»
(2куплетте барлығы ортаға шығады әннәң қайырмасын бірге қосылып орындайды)
Жүргізуші:- Бүгінгі мерекемізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын - дейміз! Сау болыңыздар!!!!
Балалар музыка әуенімен залдан шығып кетеді