Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті әріптестер, ата-аналар! Қымбатты оқушылар!

25.03.2020

Сіздерді бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы көктемнің тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

«Білімге жүгінгеннің жүгі жеңіл, дәстүрге жүгінгеннің тұзы жеңіл» деген нақыл сөз тегін айтылмаса керек. Тамырын тереңнен тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, бір-біріне деген риясыз тазалығына, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелткен ұлы мереке.

Наурыз – ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы.

Ізгі ниетпен сіздерге зор денсаулық,  шығармашылық табыс, тың бастамаларыңызға сәттілік пен жетістіктер тілеймін.

Әр отбасында  ырыс-береке, бақ-дәулет,  татулық, тыныштық  болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

 

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ

басшысының м.а.                                                            М.Хасенова

Просмотров: 283


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст