Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік тұғырым

19.12.2023

 Тәуелсіздік тұғырым

Тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеті

Оқу іс-әрекеттің мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

 Көрнекіліктер: Елбасы Қ.Ж.Тоқаев портреті,Қазақстан Республикасының  туы,  елтаңбасы,  әнұраны, Нұр-Сұлтан қаласының суреттері.

 Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекеттің барысы:

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.

 Бәрі тік тұрып Әнұранды айтады.

 Тәрбиеші: Отырыңыздар.

 Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:   Қыс.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс.

Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:   Қазқақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз  басқарады. Балалар сендер, білесіңдерме, елбасымыз кім?

Балалар:   Қасым Жомарт Тоқаев

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешеміз бе?

Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Айтатын Әнұран

Қай елдіңбаласы   (Қазақ елінің баласы)

 

Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі? (Астана)

 

Қоспырағым қосқанат,

Шаңырағым күн менің

Шолпан жұлдыз маңдайда.

Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)

Көк аспанның түсі бар

Ортасында  күні бар.

Қыран ұшқан  қалықтап ,

Кімнің туы біліп ал.    (Қазақстан мемлекетінің Туы)

 Сергіту сәті: «Мен қазапын»

Ойын     

Ойын: «Құрастыр және әңгімеле»       

   Есімізге түсірейікші  Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.

Балалар: Ту. Көк.

Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?

Балалар:   Елтаңба.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

МынауӘнұран.

          Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.

Нұрислам:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!

Әділхан:

Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаган.
Әлі де шығар аланға Отан үшин
Карсы аккан өзеннен өтетіндер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ
Түсинеміз, ұғамыз
Бұл күннің онайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!

Амина

Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәууелсіздік - ұлық той.
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.

Шоқан:

Отан деген берекелі отбасы,
Сүйер оны адамзаттың баршасы.
Мен бақытты бүлдіршінмін бүгінде,
Жоқ қой оған ешкімнің де таласы.
Бұның бәрі татулықтың арқасы,
Тәуелсіздік—елдігімнің бастауы.

 Тәрбиеші: Енді, балалар «Тәуелсіздік жыры»  деген әнді айтайық.

 Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,

                   Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

                   Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

                   Баршаны байлығымен таңқалдырған.

                   Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

                   Жасашы, жасай берші Қазақстан!

 Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің 16 Желтоқсан мерекесі туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс, жарайсыңдар.

 

 

Просмотров: 1581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст