Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Открытое мероприятие

07.12.2017

«Елбасы- тәуелсіздік кепілі»

Президент күніне арналған тақпақтар сайысы

Ко дню президента

Республики Казахстан Н.А. Назарбаев

  Қазақ тілі мұғалімі: Каримова А.Б.

«Арай» балабақшасы

2017 жыл

Сайыстың мақсаты: Елбасы туралы алған мағлұматтарын кеңейту. Өлеңдер, мақалдар, билер, ертегілер арқылы өтілетін

сайыстың мәнін жеткілікті меңгерту. Қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Міндеті: Балаларды Қазақстан деп аталатын өз елінің атын есте сақтауға, өз Отанын, еліне сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, слайд шоу, шарлар, жалаушалар, қанатты сөздер.

Әдісі:Сайыс түрінде

Жүру барысы:

Би:"Қазақстан"

Жүргізуші 1: Құрметті достар! Бүгінгі үлкен мерекеміз Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне арналады.1 желтоқсан- Қазақстан тұңғыш Президентінің күні. Қазақстан халқының тойы, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі.

  Жүргізуші 2: Здравствуйте уважаемые друзья! Наше праздничное

мероприятие, посвящается 1 декабря Дню первого Президента Республики Казахстан

  Жүргізуші 1:Бүгінгі тақпақтар сайысының қатысушыларын қарсы алайық.

  Жүргізуші 2:Разрешите представить наших конкурсантов:

           № 5 «Гүлдер» тобынан

1)     Шмидт Татьяна

2)    Вахрушева Кира

3)    Сагандыков Эльдар

4)    Алагузова Альфира

  № 6 «Күн сәулесі» тобынан

  1)    Калькопф Элина

2)    Рябина София

3)    Сундуков Владислав

4)    Комаров Сергей

5)    Морева Полина

Жүргізуші 1: Алаулаған алабынан нұр тамып.

             Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып

                 Көк байрағың желбірейді төрінде

                 Әнұраның тұр көгінде шырқалып-демекші

Біз мерекемізді Қазақстанның салтанатты әні Әнұранмен бастаймыз.

             Жүргізуші 2: Гимн РК

               Жүргізуші 1: Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Шәкен Үгіл Алпысқызына беріледі.

              Жүргізуші 2:  Слова для поздравления предоставляется заведующей детским садом «Арай» Шакен Үгіл Алпысқызы     

   Ең біріншіден әділқазылар мүшесімен танысып алайық.

Әділқазылар мүшесі: Шәкен Ү.А.- б/б меңгерушісі

Айсулу Маулиевна- әдіскер

Гульмира Есболатовна- әдіскер

Уважаемые гости поприветствуем жюри нашего конкурса.

Жюри:  ШакенҮгіл Алпысқызы-заведующая д/с

ГульмираЕсбулатовна- методист

Айсулу Маулиевна- методист

1-    Тур: Тақпақтар сайысы

2-    Тур: Мақал- мәтел сайысы

Жүргізуші 1: Сайыстың шарты: Тақпақты

дауыстап, мәнерлеп, және эмоционалды оқу.

 Жүргізуші 2:     Читать громко, выразительно,и эмоционально

  1-  тур: Тақпақтар сайысы

6- топ

Кира:
Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан

Елім- менің тірегім

Құшағында гүл атам

София:

Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер

Отан- Ана, Отан- үлкен

Қазақстан туған ел

Полина:

Туған елім – гүл елім

Қасиетіңді білемін

Өзіңе деп жүремін

Лүпілдеген жүрегім

Владик:

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем

Сергей

Астана- арман қала

Астана- сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында

Элина

Жарық біздің күніміз

Біз өмірдің гүліміз

Қазақстан- жан Оттан

Қазақ тілі- тіліміз!

Ән: «Біз бақытты баламыз» Мадина мен Алижанның орындауында

5- топ қатысушылары

Эльдар

Отан менің жан анам,

Отан менің жан әкем

Отаным деп шаттанам,

Отаным деп әндетем

Отаным менің Қазақстан,

Мәңгілік сенімен мақтанам

Саяңда жүрсем әрқашан,

Күлімдеп жүрем бақ табам

Отаным менің Қазақстан,

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер, жаса Қазақстан.

Солай менде талпынам,

Жақсылыққа ізгіге

Биік-биік белестен,

Көреді елім бізді де

  Ойын: Тақия тастамақ.

Шарты: Балалар шеңбер жасап отырады, бір бала шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің басына тақияны кигізіп кетеді. Сол бала біреудің орнына отыра қалу керек. Ойын осылайша жалғаса береді.

2-тур:Мақал- мәтелдер сайысы

5- топ. Кира. Отан оттан да ыстық.

Татьяна. Отан- елдің анасы.

Альфира. Ер елінде, гүл жерінде.

Эльдар. Отанның ауасы да дәрі

6- топ. София. Жері байдың- елі бай.

Владислав. Отан үшін отқа түс күймейсің

Элина. Халықтың ортақ үйі – Отан. 

Полина. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Сергей. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл

Слайд көрсетіледі.

Жүргізуші 1:Әділқазыларға сөз беріледі      

Мадақтау.

Жүргізуші 2: Слова предоставляется нашим жюри.

Награждение

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст