Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Спорт отбасымыздың досы!» (Дене шынықтыру залында өткізілетін спорттық мереке)

23.10.2017

Дене шынықтыру залында өткізілетін спорттық мереке

 «Спорт отбасымыздың досы!»

                                                            

д/ш нұсқаушысы: Каженова Д.Ж.

                                                                          

                            24.10.2017ж.

Мақсаты: Балалардың және ата-аналардың эмоциялық көңіл күйлеріне жағдай жасау.

Міндеттері: Екі қолмен допты, баскетбол сақинасына қалай лақтыру керектігін үйретуді жалғастыру, балаларды және олардың ата-аналарын өз денсаулықтарын қадағалауды үйрету, икемділікті дамыту, қимыл-қозғалысқа деген қызығушылығын арттыру. Балалардың және ата-аналардың эмоциялық көңіл күйлеріне жағдай жасау.

Қажетті құралдар: үнтаспа, музыкалық орталық, арқан, белгілер, балалар санына қарай доптар

I. Кіріспе

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Сіздерді денешынықтыру залында көргеніме қуаныштымын.

Бүгінгі  «Спорт отбасымыздың досы!» спорттық мерекеге қош келдіңіздер. Қатысушыларды қошеметпен қарсы алайық. № 10,11 топ бүлдіршіндері.

Музыка залында Са-фи-данс орындалады.

Балалар денешынықтыру залына маршпен кіреді, тізіліп тұрады.

ДШ нұсқаушысы:: Сәліметсізбе, балалар! Бүгін бізде ерекше спорттық мереке. Бұл мерекеде, көптеген қонақтар және сіздерді әр түрлі қызықтар күтілуде. Балалар сендер денешынықтырумен шұғылдануды жақсы көресіндер ме? Балалардың жауабы: Олай болса спорттық мерекемізді бастайық.

II. Негізгі.

 Негізгі қимылдар

Ал қазір ойынның бірнеше түрімен ойнаймыз.

1. «Арба»  белгі қойылған жерге дейін, бала қолмен еденмен жүреді, ата-анасы аяғынан ұстап жүреді.

2. «Бір біріне жабысу.» бала ата-анасының аяғына тұрып, бірге жүреді.

3.«Баскетболшылар алаңында»

Бір-біріне қарама-қарсы тұрып, ата-ана қолынан баскетбол сақинасын жасайды, бала допты дәлдеп лақтырады.

Музыканың сүйемелдеуімен жаттығу орындалады.

III. Қөрытынды

Ойын жаттығулары. «Теңіз жұлдыздары»

Жаттығу тыныш музыканың сүйемелімен орындалады.

Мақсаты/ Ағзалардың босаңсуын жақсарту.

Дем лауды бастаймыз. Балалар өздеріңді теңіз жұлдызына айналдық деп елестетіңдерші.  Толқынның бір жағынан екінші жағына теңселу (кілемшеге бала ішімен төмен жатады. Ата-ана баланың бір қолы мен аяғын сәл көтеріп тербейді).

Марапаттау

-        Құрметті ата-аналар және балалар бүгінгі біздің кездесуіміз өз мәресіне жетті. Спортпен шұғылданыңыздар, көбірек бірге серуенге шығыңыздар. Әрқашанда бірге болыңыздар. Бұл нағыз бақыт қой. Қол шапалақтап қатысушыларды шығарып саламыз. Назарларыңызға рахмет!

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст