Калиева Асель Утегеновна 1982 жылы 5 тамызда Көкшетау қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Көкшетау қаласы С.Сейфуллин ауылының мектебін бітірді.
2000 жылы Қазақ педагогика колледжіне музыка бөліміне оқуға түсіп, Саздық білім беру» мамандығы бойынша бітірді.
2012 жылы Челябинск қаласындағы Челябинск өнер Академиясына оқуға түсіп «Аспаптар өнері» мамандығымен 2015жылы бітірді.
Өз еңбек жолын Көкшетау қаласы, Ю. Гагарин атындағы № 33 балабақшада музыка
жетекшісі болып бастады. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №11 «Арай» балабақшасында музыка жетекшісі болып жұмыс істеуде.
Педагогикалық қызметінде жеткен жетістіктері:
Калиева Асель Утегеновна 2017жылғы қалалық, облыстық және республикалық
«Үздік педагог-2017» сайыстарының ГРАН ПРИ иегері.
Келесі ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жарыққа шығарды:
2013ж. Әдістемелік құрал «Музыкально-дидактические игры в детском саду».
2014ж. Әдістемелік құрал «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертеңгіліктер».
2014ж.Әдістемелік құрал «Балабақшада музыка шығармалар тыңдау».
2015ж. Әдістемелік құрал «Ертеңгіліктерді дайындау және өткізу».
2016ж. Ересектер тобына арналған жоба «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары».
2017ж. Үш тілді әндер жинағы «Балабақшаларға арналған музыкалық шығармалар». Жинақтардың
рецензентерінің ішінде композитор Құрмет Сақай, халықаралық байқаулардың лауреаты Мухамедияров Саян және т.б.
Оның «Балабақшада музыка шығармаларын тыңдау»,«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» атты жұмыстарымен Көкшетау қаласы педагогтарының арасында тәжірибемен алмасты.
Асель Утегеновнаның түлектері Көкшетау қаласының музыка мектебінде музыкамен айналысуды ойдағыдай жалғастырып, айтарлықтай жетістіктерге жетіп жатыр.
2014-2017жыл арасында Халықаралық, қалалық іс-шараларға қатысып төмендегідей жетістіктерге жетіп марапатталды:
2014ж. ІY Халықаралық Педагогикалық Жәрменке, Сертификат
2015ж. ІІ орын Диплом, Қалалық көркемөнерпаздар байқауы
2016ж. ІІ орын Диплом, «Қазақ тілінің білгірі»
2016ж. ІІ орын Диплом, «Кішкентай ханзада»
2016ж. ІІ орын Диплом, «Әнші балапан»
2016ж. «Өрлеу» БАҰО-YІ Халықаралық Педагогикалық Жәрменке, Сертификат
2016ж. «Өрлеу» БАҰО-YІ Халықаралық Педагогикалық Жәрменке «Педагогикалық асыл тастар»шығармашылық алаңшасында «Алғыс хат»
2016ж. «Өрлеу» БАҰО АҚФ сайтында «Музыкалық аспаптар әлемінде», Куәлік
2016ж. «Нұр болашақ»мектепке дейінгі ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін талдау және жоспарлау» тақырыбында, Сертификат
2017ж. І орын Диплом, «Кішкентай ханзада»
2017ж. АҚ «Өрлеу» БАҰО» аясында өткізілген конференция. Баяндама «Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкаға қызығушылықтарын инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастыру»
2017ж. «Ағжан» мектепке дейінгі білім беру орталығы, «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім және тәрбие беру жүйесін жоспарлау» тақырыбында, Сертификат
А.У.Калиеваның «Есте қалар күн», «Аналарға қуаныш сыйлайды», «Айналайын, ақ мамам» мақалалары «Бұқпа» , «Көкшетау» , «Арқа ажары» газеттерінде жарық көрді.
Аталған еңбектері үшін А.У Калиева Көкшетау қаласы білім бөлімінің грамотасымен алғыс хатымен, облыстық кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.