Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мерекелік іс-шара

14.04.2017

Қош келдің, Әз Наурыз!

Ертеңгілік

Тәрбиеші:

Жармуханбетова А.М.

№ 11 "Мөлдір бұлақ"

ортаңғы тобы

Мақсаты: Көктемнің  ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру. Наурыз мейрамы туралы мағлұмат бере отырып, әңді дауыс ырғағын келтіре отырып айту. Көркем сөйлеу тілін дамыту, қол қимылдарын арттыру. Табиғатты сүюге, еңбекке, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: арқан, ала жіп, үстел және тағам түрлері, наурызға байланысты слайд.

Наурыз қыз-Қуандыкова Айжар, Алдар көсе-Жаксылыкова К.С, Әже-Бекенова Ж.Ж.

Жоспар:

1.Балалар отырады

2.Наурыз қыз кіреді

3.Қыздардың тақпағы

4.Ән «Көктем келді»

5.Балалардың тақпақтары

6.Алдар  кіреді

7.Ұлттық ойын: «Арқан тарту»

8.Балалардың тақпақтары

9. Тұсау кесу дәстүрі

10.Би: «Қара жорға»

11. Балалардың тақпақтары

12.Ән: «Наурыз көже»

13.Әже келеді

Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар орындықтарында отырады.
Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)

Наурыз қыз: Айжар

Мен наурыз қызбын
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жетті міне асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы
Мадина:
Сәнді көктем -

Наурыз!
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!
Самира:
Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Еламан:

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
Тәрбиеші: Рақмет, Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар.
Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.
Тәрбиеші: Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық
ӘН: «Көктем келді»
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Дастан:

Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Ағзам:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Елдар:
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

Арыстан:
Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы

Жәңгір:

Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Тәрбиеші: Ой, балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)
Айтысып жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Тәрбиеші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.
Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін. (көрсетіп қояды шапанын)
Тәрбиеші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба

асықтар ала келдім.
Ойын: (Арқан тарту)
Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)
Тәрбиеші: балалар, малдас құрып дөңгелене отырамыз, қолымдағы жіпті көріп отырсыңдар, осы жіпті орай отырып,

бір – бір тыйым сөз айту керек.
Дайынбыз ба? Бастаймыз

Жақты таянба
Тізеңді құшақтама
Табаныңды тартпа
Бір қолмен нанды үзбе
Есікті қатты жаппа
Отқа түкірме
Үйге қарай жүгірме
Есікті керме
Үлкеннің алдын кеспе
Босағаға тұрма
Бос бесікті тербетпе
Бетіңді баспа
Адамға қарап керілме
Көк шөпті жұлма
Құстардың ұясын бұзба
Суға түкірме
Құмырсқаның илеуін бұзба.
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, тұсау кесу рәсіміне кезек берейік.

Гульзира: Балалар мынау жіп, біреудің ала жібін аттамасын деп ала жіппен аяғын жаңа басып келе жатқан баланың тұсауы

кесіледі. Ал енді жіпті дайындап, бөбегіміздің тұсауын кесейік.

-Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадамыңды бас балам,

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін. (Ортаға бір баланы шығарып, тұсауы кесіледі)
Би: «Қара жорға»
Тақпақтар: Абдуллахад:
Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!
Ерасыл:
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.

Мансур:
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа ауызмыз толады
Бар жақсылық болады.
Нурали:
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!
Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка)

Әже: (Қолында тостаған, наурыз көже)

- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!

- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ

- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?

- 7 түрлі

- Қане атап беріңдерші?

- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз

- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.

- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар ( Наурыз көже құятын тостағандар қойып, құйып береді)

Әже: Рахмет! Наурыз құтты болсын!

(шығып кетеді)

Тәрбиеші:  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст