Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№2 «Балдырған» ортаңғы топ

07.04.2017

                                           

Вариативтік компонент

№2 «Балдырған» ортаңғы топ

Күні:06.04.2017ж.

Тәрбиеші:Омарова

А.А.

Бөлімі: Ермексазды керемет

Тақырыбы:«Үйрек және оның балапандары»

Мақсаты:Білімділік:Жеке бөлшектерді біріктіре отырып, үйректің балапанын мүсіндеуді үйрету; балалардың

мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттырып, ермексаздан түрлі пішіндерді жасау дағдыларын дамыту; эстетикалық талғамдарының жоғары болуына жағдай жасау. Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Саусақтың

ұсақ бұлшық  еттерінің қозғалысын жетілдіру.Тәрбиелік:Балаларды үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үй  құстарының суреті, ермексаз, тақтайша, сулық, үлестірмелі  материал, ойыншық  балапан.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: тауық  туралы  әңгіме жүргізу.

Сөздік жұмыс: үй  құстары.

Билингвальді компонент: Үйрек – утка-duck, балапан – цыпленок-chik.

 

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотива-

циялық

қозғау-

шылық

 

 

Мен үнтаспаны  қоямын.

-Балалар, балабақшаға  біреу  келген 

тәрізді. Естисіңдер  ме, ат  тұяғының 

тақылдағанын? Біреу  бізге  атпен 

келген  тәрізді.

-Есікті  ашып  қарайық.

О, бізге  сыйлық  тастап 

кетіпті, қасында  хат  бар.

Хатты  үйрек  жазыпты.

Хатты  оқиды:

«Балалар, менің  балапандарым  адасып 

кетті.

Маған  соларды  іздеп 

табуға  көмек  бересіңдер 

ме? Мен  сендерден  көмек 

күтемін!»  деп  жазылған 

екен  хатта.

Балалар  таңғалады,

қызығушылық  білдіреді.

 

 

 

 

 

 

Балалар  хатты  тыңдайды.

Ұйымдас-

тырушы-

лық-

ізденістік

-Балалар, үйрекке балапанын 

табуға  көмектесеміз  бе?Мен 

балапан  ойыншықты  көрсетіп:

-Осындай  әдемі  балапандар 

жасасақ  қайтеді?

-Балапанның  басы  қандай?

-Денесі  ше?

Сөздік  жұмыс: үй  құстары.

 

-Үй  құстарын  адамдар 

өсіріп, күтеді, үй жағдайында 

ұстайды. Қорада  тұрады. Жем

жейді.

Дидактикалық  ойын:

«Үй  құстары».

Мен  үй  құстарының 

сұлбасын  көрсетемін.

Олардың  қай  құс 

екенін  ажыратуды  сұраймын.

 

 

Саусақ  жаттығуы

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Шықты  саусақ  серуенге,

Бір  саусағым  билеп 

кетті,

Бір  саусағым  секіріп 

кетті,

Бір  саусағым  сәлем 

берді,

Бір  саусағым  ойнап  кетті,

Бір  саусағым  ұйықтап  қалды,

Шаршамаңдар  саусақтар,

Мүсіндеуге  шығыңдар!

                   (Г.Бектұрова)

Билингвальді компонент: үйрек – утка, балапан – цыпленок, үй  құстары – домашние  птицы.

 

Үлестірмелі  материалға  назарларын 

аударады.

-Алдымен  балапанның  денесін 

жасаймыз, оның  пішіні  алмұртқа 

ұқсас. Дөңгелек  пішіннің  бір 

шетін  қолмен  созу 

арқылы  балапанның  құйрығын 

жасаймыз. Басын  кішірек  дөңгелектен 

жасаймыз  және  шымшу 

арқылы  тұмсығын  шығарамыз. Басы  мен 

денесін  біріктіреміз.

Қанатының  орнын  сызып 

көрсетеміз. Аяқтарын  жасап, оны

да денесіне  біріктіреміз.

Мен балалармен  жеке  жұмыс 

жүргіземін.

Үйрекке көмектесуге  ынта  білдіреді.

 

Балалар  келіседі.

 

-Домалақ.

-Сопақша.

Қайталайды:

үй  құстары.

Тыңдайды.

 

 

 

Ойынға  кіріседі, үй  құстарының 

сұлбасына  қарап, қай  құс 

екенін  ажыратады:

үйрек, тауық, қаз, күркетауық.

 

Балалар  әрбір  саусағын 

жеке  көрсете  отырып, саусақ  жаттығуларын  жасайды.

 

 

 

 

 

 

Қайталайды: үйрек – утка, балапан – цыпленок, үй  құстары – домашние  птицы.

Балалар  балапанның  жасалу 

тәсілімен  танысады.

Тәрбиешінің  көрсетуіне ілесе отырып,

балапан  денесінің  бөлшектерін 

жасайды. Бөлшектерді 

біріктіріп, балапанның 

толық  мүсінін  жасап 

шығады.

Дайын  балапанды  суретке, тауықтың  қасына 

орналастырады.

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Балалардың  жұмысына  сипаттама 

беремін.

-Балалар, үйрек  қатты  қуанып 

қалды, сендерге 

ризашылығын  білдіреді.

Үйрекке көмек  көрсете  алғандарына 

қуанады.

 

Күтілетін  нәтиже:

Біледі: бірнеше  бөлшекті  біріктіріп, біртұтас пішін  жасайды.                                                                      

 Игереді: үй  құстарының  пайдасы туралы; мүсіндеу  тәсілдерін. 

Меңгереді: оқу  іс-әрекеті  барысында 

алынған  дағдыларды.

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст