Ұйымдастырылған оқу-қызметінің технологиялық картасы.
№10 «Нұр әлемі»ересек тобы
Тәрбиеші: Айтбаева Ш.С.
Тақырыбы : «Еліміздің еркіндігі –тәуелсіздік».
Мақсаты: БалаларғаТәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру
Білімділік:
Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Тамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікір-талас
Көрнекіліктер: жалауша, суреттер, папка-раскладушка
Билингвальды компонент: (Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше
жинаған топ жеңіске жетеді.)
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Қазақтың музыка әуенімен залға балалар кіреді. Шаттық шеңбері Бір шаңырақ астында Қазақстанда тұрамыз Бірге сайран құрамыз Бір үйде біз тұрамыз |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік
|
Алдар көсе қонаққа келеді. Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге көп қонақтар келіп отыр.Екі топка бөлінеміз.Ал топ аттарын таңдау үшін менің қолымда «Күн» мен «Ай» суреті бар.2 - топқа бөлу. 1 - топ: «Күн» 2 - топ: «Ай» 1-тапсырма Сұрақ-жауап. ҚР президенті кім? Қазақстанның бас қаласы қай қала? Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата? Біздің ұлтымыз қандай? Біздің мемлекеттік тіліміз қандай? Қазақстан қандай мемлекет? 2-ші тапсырма Қазақстанның ірі қалаларын атаңдар. Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Қызылорда, Шымкент, Тадықорған, Өскемен. 3-ші тапсырма Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? Отан отбасынан басталады. 1-бала:Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 2 - бала: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 3 - бала: Отан оттан да ыстық.
4-бала:Отанды сүю – отбасынан басталады.
5-бала:Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі.
7-бала:Бөтен жердің гүлінен Туған жердің тікені артық 8-бала:Отан үшін отқа түс күймейсің
4-ші тапсырма Өткен ғасырда өмір сүрген қазақ хандарын атаңдар.(Абылайхан, Тәуке хан, Жәңгір хан, Бөкей хан, Керей хан, Кенесары хан, Жәңібек хан т. б.) Сергіту сәті: «Қара жорға»
5-ші тапсырма Қазақстанның ұлттық киімдерін атаңдар.(Сәукеле, шапан, камзол, тымақ т.б.) 6-ші тапсырма Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңдар Домбыра, қобыз, сырнай, дауылпаз,сыбызғы, асатаяқ. 7-ші тапсырма Ойын: «Куш сынау»
Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар Қыз қуу, көкпар, күрес, арқан тартыс, тақия тастамақ. 8-ші тапсырма Қазақстан жерінде кездесетін жануарларды атап беріңдер: барыс, арқар, борсық, қарсақ, марал, елік т. б. 9-ші тапсырма Отан туралы тақпақтар айтқызу
|
Қазақстан Н.Ә. Назарбаев Астана қаласы. Әнұран, Елтаңба, Ту Қазақ Қазақ тілі Қазақстан тәуелсіз, көпұлтты мемлекет.
Тәуелсіздік Тәуелсізбін мен бүгін, Келді міне азаттығым, теңдігім. Бостандықта байлығым мен елдігім, Шешіл енді шемен болған шерлі үнім! Өзіңдікі Елің де, Өзіңдікі Жерің де, Өзіңдікі өзің еткен бақ Тәуелсіздік төрінде!
Балалардың жауаптары
Отан-менің ата-анам, Отан-досым бауырым Отан -өлкем астанам Отан-аудан ауылым. Отанды біз атамекен Деп аялап атаймыз, Өйткені оны мекен еткен. Бабамыз бен атамыз. |
Рефлексиялық түзетушілік
|
- Балалар біздің Отанымыз туралы айттық Біз елімізді жақсы көреміз бе, олай болса елімізге, жерімізге тілек білдірейік. Марапаттау рәсімі. |
Елімізде тыныштық босын!Еліміз бай болсын!Аспанымыз ашық болсын!Күніміз жарқырасын!Деніміз сау болсын!Әлемде тыныштық болсын! Балабақшамыз жайнай түссін! |