№ 11 «Арай» балабақшасы
Тақырыбы:
Күзгі жапырақтар.
Тәрбиеші:
Акишева Д.А.
Ортаңғы
топ №9 «Шұғыла».
2016ж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Фелтинг.
Тақырыбы: Күзгі жапырақтар.
Мақсаты: а) Білімділік: Әртүрлі материалдармен жұмыс істей білуге үйрету.
ә)Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Түрлі-түсті жүнді дұрыс қолдана білуге үйрету. Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін, ұсақ қол моторикасын дамыту.
б) Тәрбиелілік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету
Қолданылатын көрнекі құралдар:Күз бейнесінің және жапырақтардың суреттері.
Қажетті құрал – жабдықтар: Түрлі-түсті жундер, ақ қағаз, сетка,су, сұйық сабын,
Билингвальді компонент: Күз-осень-autumn, жапырақтар-листья- Leaves
Оқу іс – әрекеті кезіңдерші |
Педагогтің іс – әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивацииялық - қозғаушылық |
Шаттық щеңбер: Армысың алтын күн ! 1.Оң қолымызды жоғары созамыз Армысың көк аспан ! 2.Сол қолымызды жоғары созамыз. Армысың самал жел ! 3.Екі қолымызды оңға және солға сермейміз. Армысыңдостарым !
|
Балалар шеңбер жасап тұрады. |
Ұйымдастырушылық - іздені |
Күз мезгілі туралы тақпақ оқып, осы тақырыпта әңгімелесемін. "Алтын күз" (Ғ.Қайырбеков). Алтын, алтың, сары алтын, Алтын күзде нұр жатыр Сары ала тон жамылған, Күз атамыз секілді, Қойны толы дәмді нан, Тәттісі көп не түрлі. - Балалар мына суреттерге назар аударыңдар. Мынасуреттерденелербейнеленген? - Оларқандайекен? - Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Күзгі жапырақтар. -Күзде қандай ерекшелік бар? -Күзде қандай түстер басым болады? Балаларға күз мезгілінің белгілерін айтқызамын. Саусақты гимнастика: Жаңбыр, жаңбыр жау-жау. Көк биеңді сау-сау. Балалар, біз бүгін жүннен жапырақтар жасаймыз. Ең бірінші ақ қағаздағы жапырақтың суретіне жүнді жұлып саламыз. Содан соң осы жүнді целофанның үстіне саламыз да,үстіне сабыны бар суды себеміз. Одан кейін үстіне сетка салып басамыз. Ал, енді жүмысты бастаймыз. Мен балаларға көмектесіп жүріп сұрақтар қоямын. Балалар кім жапырақтар туралы өлең біледі. Сергіту сәті: Жақсы балалар жұмысымызды жалғастырамыз. Ең жақсы жұмыстарды таңдап балаларға көрсетемін. Ойын: «Жапырақтарды жинау». |
-балалар, тыңдайды.
Ағаштар, жапырақтар. - Қызыл,сары, жасыл.
Суық болады, жаңбыр жауады, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге туседі.
Балалар саусақтарын алақанына салып әндетіп айтады. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
-Балалар, біз бүгін не жасадық? -Жапырақтар қандай түсті болады?
|
Түрлі-түсті жапырақтар. Қызыл, сары, жасыл. |
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: Жүннен жапырақ суретін жасауды.
Игереді: Уқалау арқылы заттарды жасауды.
Меңгереді: дөңгелетіп уқалауды.