Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жана жал ертенгілік

20.01.2017

«Жасыл

шырша жанында»

Әсем безендірілген залға музыка  әуенімен  балалар   қол  ұстасып  кіреді.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Балалардың сіздерге арнаған ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Жүзімде – қуаныш!   Әр көңілде- жақсы үміт

Келе жатқан жаңа жыл, Әкелсін көп жақсылық!

 Балалар бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Шырша.» әні хор.

Жүргізуші: балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар

                       Диляра

         

Жүзімізде күлкі ойнап

  Қанаттанды жанымыз

  Жаңа жылды біз тойлап

  Шаттанамыз бәріміз

    Мансұр

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі  әзір.

Кел,Жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!          

 

 Айлана                           

  Алия

 Шанасына мінед

Мәз -мейрам боп күледі.

Жарасамыз бәріміз

 Жарасып тұр әніміз.

 

 

Оралды өлкеме                      

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың

Дархан

Аспан жерге төгеді

Ақкүмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Жүргізуші: Тыңдаңдаршы балалар! Мен бір дауыс естіп тұрмын,бұл кім болды екен?

Сайқымазақ: 

Ол  жан- жағын қарап таңырқап,қолындағы шарын  ұстап шығады.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Сайқымазақ?Сен бұл жерде неғып  жүрсің?

Сайқымазақ: 

Сәлеметсіңдер ме балалар!  Сендерде бүгін мереке болып жатыр ма? Ал  мен  дос   іздеп  жүрмін,  сендер  неге әдемі киінгенсіңдер ,неге келдіңдер сендермен  дос болуға  болама? 

Жүргізуші:  

Балалар  Сайқымазақ досы іздеп  жүр екен.Сайқымазаққа біз  бәріміз  дос болсақ  қайтеді.Сайқымазақ  келсесің бе? Бәріміз дос  болайық....

Бізде  жаңа жыл  мерекесі  бәріміз мерекені  тамашалауға  келдік.

Сенде  қосыл бізге,  біздің  балалар тақпақтар, өлеңдар, бида билеп  береді.

   Сайқымазақ :Ойын мен  биді  өте жақсы  көремін,  менде билейінші,  болама.

 Жүргізуші: Біздің  балалардың орындауында   «Гномдар»  биін  тамашалаңыздар.

  Сайқымазақ: Тамаша,  тамаша қандай  керемет  деп қуанып  жүгіреді. Жаңа жыл  мерекесін  сендер қалай  тойлап  жатырсыңдар? Аяз ата,  Ақшақар  жоқ қой  сондайда  жаңа жыл  болама  екен.?

Жүргізуші:  Жоқ біз Аяз  ата  мен  Ақшақарды  күтіп  отырмыз.  Қане шақырайықшы  дауыстап  бәріміз бірге  ..Аяз  ата, аяз  ата,  аяз ата  дегенде 

Аяз  ата:  Естіп келем, естіп  келем,  қазір жетем  сендерге  деп, таяғын  тарсылдатып  залға келеді. Уа, жұртым, жиналған.

Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата, сендерге
  Жетті жолдан қиналған

Ештеңе емес барлығы,

Алдымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім ғой.

Өтіп кеткен жылдардан.

Амансыңдар  ма  менің кішкентай  балапандарым,  мені сағынған  шығарсыңдар, міне  менде келдім.   

Әміржан

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күткен сағынған.

Жалғас

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

 

 

Арнур

   Адель

   Жаңа

жылмен, жаңа    

   жылмен

  

Құттықтаймыз әрине

  

Әкемізді, анамызды,

  

Қонақтарды бәрінде

Көрікті шыршамыз,   Шамдары самсаған.

Көңілді ортамыз, Айтамыз шырқап ән.

Нұрали            

Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып,

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Жүргізуші:  біздің балалар  өте  әдемі ән айта алады,  кел  бізбен бірге  айт.  «Кішкентайшыршамыз»  ән

Сайқымазақ: Мен сендермен ойын  ойнағым  кеп тұр.Ойын:

«Қар  жинау»

Жүргізуші:  Аяз ата,аяз ата;Ақшақарды шақырайық бәріміз;Ақшақар,Ақшақар.

Ақшақар:  Музыка  әуенімен залға кіреді.Сәлемітсізбе?қонақтар ,кішкентай  бүлдіршіндер:Ата, ата біздің шыршамыздың шамы  жағылмапты жағайық.Қане  бәріміз бірге  айтайық.Қуант бізді  таңырқат  шамдарыңды жарқырат  3  рет қайталау.Бәрі  қуанады.

Жүргізуші:  Біздің балалар    мың  бұралып биді  да  жақсы билейді  тамашалаңыз.

Аяз  ата:   Мен биді  жақсы  көремін қане  билесек  билейік.

Би:  «Қуыршақтар » биі

Жүргізуші:  Біздің   балалар  сізге тақпақ  айтқылары  кеп отыр  ата.

Аяз  ата:   Менде сендердің  тақпақтарыңды  сағынып қалдым,  қане  тыңдайық.                                                

Алдияр:        Аяз ата келді

Тамашаны көреді

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық береді.

                                                    

Абунасыр:    Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді.

                                                                 

Бізге қарай жылыстан.

                             Інжу

                            Аяз ата көңілді,

                          Аяз ата әдемі.

                            Аяз ата ақылды,                                                                 

Аяз ата мейрімді  

Жүргізуші:  Әлбетте біздің  балалардың  биі  де,  әні де,  тақпақтары  көп. Қане, бірге  тамашалайық.

Ән:  «Аяз ата» 

Жүргізуші:  Ақшақармен ұлпалар биін билейік.Қыздардың орындауында «Ұлпалар»  биін  тамашалаңыздар.

Сайқымазақ: Қандай  тамаша, қандай  әдемі.

Жүргізуші:   Көрдің ба,  қандай  тамаша билейді.Ал  біздің  балалар Аяз  атаға  арнап көп  тақпақтар  біледі.                                 

    Жігер

Той, мереке, салтанат

Думандатты шартарап

Келді міне Жаңа жыл,

Тартуларын арқалап.

Кел билейік, үйренейік

Ол келгенше Жаңа жыл

Құтты  болсын, Құтты болсын

Құтты болсын Жаңа жыл!

Ахмедияр

                                                               

Жаңа жылым мол болсын

Баскан

қадам он болсын

Төрле

Төрле Жаңа жыл

Бізге

Құтты жыл болсын

                                                                         

Арсен

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзын-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!

Жүргізуші: Сайқымазақ саған  ұнады ма? Енді  бізге  сыйлықтарымызды  бересің  бе?

Әрине  берем  қазір  әкелем  деп  шыршаны  шыр  айналып  жүгіреді.шығып  кетеді.

Аяз  ата: 

Ақшақар қызым балаларға дайындаған  сыйлықтарымыз  қайда?

Ақшақар: Жылайды  мен жоғалтып алдым таба алмадым деп жылайды.Жарайды жылама  біз табамыз деп Сайқымазақ шығып  кетеді.

Аяз ата: Мен балалармен ойын ойнағым кеп  тұр?Ойын: «Қолғап»  ойыны  ойналады.

Тауық:

Осы кезде  осқырынып  жұлынып залға  шана  сүйреп Әтеш келеді.

Сәлеметсіңдер  ме? Үлгердім  ба?  Жоқ па?  Сендер  бірдеңе жоғалтқан  жоқсыңдар  ма? Мынау  сендердікі  ма?

Сол  кезде артынан  айқалап  Ақшақар келеді.Тоқта,  әтеш тоқта. Мынау  өзі    естімейді ғой  мені.

Әтеш:  Мен жаңа  жылмын,  енді жаңа  жылда  бәрі жақсы  болады  деп сенемін. Жаңа жыл жақсылықа толы болсын.

Жүргізуші:  Дұрыс айтады  сен  ренжіме оданда  балалармен  бірге өлең айтайық.

 

 

Адия

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

Самира

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Данияр

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Айсара

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Ансар

Құтты болсын,құтты болсын,

Құтты болсын,жаңа жыл

Еркеназ

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым

биге де.

 

«Аяз ата»  әнін  тыңдайық.

Тәрбиеші: алдарынызда ән: «Ақшақар»

Ақшақар:    Барып  қапты  ашып табылды  ғой  мынау сыйлық  деп  алып шығады.  Міне  балалар көптен  күткен  сыйлығымыз келді  ғой.  Міне апай  сізге  топқа апарып  береміз.

Аяз  ата:  Ал  балалар мені  басқа  қаладағы балалар  күтіп  отыр мен соларға  барайы  қош сау  болыңдар.

Ақшақар:  Біз  астанаға  жүргелі  тұрмыз келесі  кездескенше  қош сау  болыңдар?

Сайқы мазақ:  Денсаулықтарың  мықты  болсын!

Жүргізуші:  Құрметті  ата – аналар  жаңа жыл  мерекесі  құтты болсын  аспанымыз  ашы бақытты  болайық.  Осымен   ертеңгілігіміз  өз  мәресіне жетті. Келесі  жылы  кездескенше 

қош  сау  болыңдар

 

 

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст