Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы
№9 «Шұғыла » ортаңғы тобы
Тәрбиеші:Ахмешел
Назгүл
Ортаңғы
топ №9 «Шұғыла».
2016ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Фелтинг
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты: Балаларға аққаланың неден және қалай жасалатынын түсіндіру, шығармашылықтарын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне байланысты суреттер.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ жауап.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті | |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері: Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да Бірге сайран құрамыз. |
Балалар орындырынан тұрып жылы лебіздерін өлең шумақтары арқылы айтып, қимыл қозғалыстар жасайды.
| |
Ұйымдастыру іздестіру
|
Ұйымдастыру кезеңі: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Неше ай бар? -Қандай айлар? -Балалар суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? Балалар немен ойнап жүр? Тағы қыста қардан не жасауға болады? Қардың түсі қандай? Бүгін мүсіндеу сабағында біз аққаланы жүннен басып жасаймыз. Ақ қағаздан пішіні жағынан әртүрлі үш дөңгелек қиямыз.Қағаздың бетін жүнмен жабамыз (жүнді созып ,тартып дөңгелете қағаздың бетіне саламыз). Аққалаға арнап мұрнын, шелегін, және сыпырғышын да әр-түсті жүннен жасап мүсіндейміз. Кейбір балаларға жекелей көмек көрсету. Сергіту жаттығуы. |
-Қазір қыс мезгілі.
-3 ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Балалар суретке қарап әңгімелейді.
Жұмысқа қызыға кіріседі.
Орындарынан тұрып сергіту жаттығуын орындайды. | |
Рефлексивті түзетушілік
|
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен бөліседі. | |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Аққала не екенін қалай жасалатынын, жүн технологиясын пайдалану түрлерін,түстерді қайталайды.
Қандай түсініктерді игерді: шапшаңдылық, ептілік.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмысты тиянақты орындауды.