Жүн технологиясын пайдаланып тактильді сезімін дамытуға арналған ойындар
Бекбулатова К.К.
мұғалім-логопед
«Марқауды ұстап ал» Тәрбиеші жұмсақ жүннен жасалған ойыншықпен (мысықтың баласы) баланың әр дене мүшелеріне тигізіп отырып, бала жабық көзімен мысықтың қай жерде екенін ажыратады. Осы ойын түрінде суланған балықты, тікенек кірпіні, т.б. заттарды пайдалануға болады.
"Ғажайып қапшық" Кішірек қапшыққа әр-түрлі пішіні, көлемі, фактурасы заттарды (жүннен жасалған ойыншықтар, геометрикалық пішіндер,пластмассты сандар мен әріптер, т.б.) салынады. Балаға қапшықтың ішінде сыртынын үстатып көріп, айтылған затты тауып беруін сұрау.
"Қуыршақтың бас орамалы" (матаның түрін, фактурасын анықтау). Балаларға әр-түрлі (жүн, жібек, парча т.б.маталардан жасалған) бас орамал киген 3 қуыршақты көрсетеді. Олар кезекпен орамалдарды неден жасалғандарын ұстап көріп анықтайды. Содан кейін орамалдар шешіліп қапшыққа салынады. Балалар қапшықты сыртынан ұстап көріп, немесе қолын қапшыққа салып, керекті орамалды қуыршағына тауып береді
"Зат неден жасалған. Ұста және анықта" Балаға заттың неден жасалғанын ұстап көрсетіп анықтау: шыныдан жасалған ыдыс, ағаштан жасалған текше, темірден жасалған күрекше, пластмасстан жасалған ойыншық, жүннен жасалған қонжық, резенкеден жасалған доп және т.б. заттар. Әрі қарай баланың көзін жауып қойып, заттардың неден жасалғанын анықтауға да болады.