Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға кеңес

17.01.2017

Психолог кеңесі

Ата-аналар баланың қырсықтығы мен

қиянқылығына не істей алады

-Баланың қырсытығы мен қиянқылығына көп көңіл аудармаңыз.

-Ызыға булығып,ашуланған кезде қасында болыңыз, ол сіз жанында екенін сезінсін.

-Сол сәтте балаңызға ақыл айтып үйретпей –ақ қойыңыз,ол сізді естімейді. Айғайлап, ұру баланы одан сайын қоздырады.

-Балаңыздың тәртібінде табандылық танытыңыз «жоқ» - деп айтсаңыз сол сөзіңізді аяғына дейін ұстаныңыз.

-Көпшілік жерде балаңыздың қиянқылығына берілмеңіз, ол кезде тек қолынан ұстап, алып шығып кетіңіз.

-Көпшілік жерде балаңызға адамдардың көңілін аудармаңыз: «Қараңыздар, қандай жаман қыз,әй-әй» -деп, балаға керегі де сол.

-Алдауға тырысыңыз: «Оо, қара қандай әдемі менде ойыншық бар»-деп. Бұндай жағдай баланың көңілін аударып, тыныштандыруға көмегі тиеді.

-Дөрекі сөйлеп, дауысыңызды қатты шығарып , баланың дәрежесін түсірмеңіз.

-Дауысыңызды бір қалыпта ұстап,өзіңіздің ашуыңызды басып сөйлесіңіз.

-Егерде санаға қонымды іске жылап, шу шығарса, ол кезде баланың айтқанын орындау үшін ойлану керек.

 

Педагог –психолог : Алимчаекова А.М.

 

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст