Текст
Бала айналасындағы қоршаған әлемді үнемі зерттеуде болады. Ақпаратты жинақтаудың негізгі әдісі – сипап сезу. Бала
барлығын қолына алып, сипап, ұстап және дәмін сезуі қажет. Ересек адамдар осындай баланың зерттеуге деген талпынуын үнемі қолдап әртүрлі дамытушы ойыншықтар беріп, зерттеуге арналған әртүрлі заттар ұсынып отыруы тиіс,сол кезде баланың зерттеуге деген құлшынысы арта түседі. Бала тілінің дамып етілуі және сенсорлық даму тәжірибесі тығыз байланыста екені ғылыми дәлелденген. Сондықтан бала жақсы сөйлесін десеңіз қолының икемділігін дамытыңыз.