Текст
Біздің балабақшамызда орыс тілінде оқып, тәрбие алатын топтар арасында "Елбасы- тәуелсіздік кепілі" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мақсаты: Балаларды ынталандыру мақсатында баланың өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімдерін кеңейту. Сайыста белсенділік танытып, сайыста белсенділік танытып, отан сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мәнерлеп оқу сайысының шарты:
1. Мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстауы
3. Мазмұны мен көлемі
Сайысты Zoom арқылы өткізілді, әділ-қазылар алқасы таңдалынды. Тақпақтарын видеоға түсіріп, оны әділ-қазылар бағалады.
Сайысқа ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық тобының балалары қатысты.