Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мереке

14.04.2017

«Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз!»

 

№ 3 «Алтын сақа» ортаңғы тобы

Тәрбиешілер: Абдирова А.К

Кекенова А.Ж

17.03.2017ж

 

 Мақсаты:  Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін бақылау. Халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, өзіндік үлгі өнегесін балалардың бойына сіңіру.

Көрнекілік:  Топ бөлмесін әшекейлеу. Наурыз мерекесіне арналған суреттер, үнтаспа көрме ұйымдастыру.

Жоспар: 

1.Шаттық шеңбері

2. Кіріспе

3.Негізгі бөлім:

Тәрбиеші

Ойын: «Арқан тарту»

Салт дәстүр көрсету

«Бесікке салар»

4. Қорытынды

Сабақтың барысы: 

Сабақ шаттық шеңберден басталады.

Арайлап таң атты

Асыл шуақ таратты

Амансың ба алтын күн

Амансың ба көк аспан

Амансың ба достарым

Сендерді көрсем қуанам.

 

Балалар орындыққа отырады.

  Тәрбиеші: 

Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар балалық!                     

Келді Наурыз сағынтып,               

Қыздарға алқатағынтып!

Наурыз келсе, құт келеді халайық                     

Есік ашып, шашу шашып, қол соғып                     

Ұлысты қарсы алайық.

Балалар бүгін бізде ерекше сабақ.

Барлығымыз қандай көңілді отырмыз.Тобымыз да жарқырап жайнаптұр. Бүгін Наурыз мерекеге

арналған «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз!» атты мерекелі сабақ.

 Кіріспе: Балаларға сұрақтар қою.

1.     Қандай жыл мезгілі?

2.     Көктем мезгілінің ерекшелігін атап беру?

3.     Қандай ай?

4.     Наурыз айының мерекелерін атау?

 

Балалар біз Наурыз мерекесі туралы әңгімелесеміз.

Негізгі бөлім:

Ежелгі заманнан бері шығыс халқы Наурыз мерекесін тойлаған. Бұл мереке табиғат пен адамның

үндестігін, бірлігін көрсетеді. 22-Наурызда күн менен түн теңеледі. Күн мен түн бірдей болады. Наурыз айы жыл басы деп саналады. Күн жылына бастайды. Көк шөп шығады.

Ата-бабам тойлаған

Наурызым-армысың

Қызығына тоймаған

Дархан дала-қарлышың.

Күн менен түн теңеледі

Жер шуаққа кеңеледі

Соны тойлар ел енді.

Тәрбиеші:

Халық Наурыз мерекесіне алдынала дайындалады. Киізүйдің ішін тазартады,жинайды, қосшам жағады, жарқырап тұрсын деп. Үйдегі барлық ыдысқа сүт, айран,су, қымыз толтырып құйып қояды. Ол тоқшылықтың белгісі болды. Адамдар мереке күні барлық жаңа, таза әдемі ұлттық киімдерін киюге тырысады. Бір-бірімен алдымен сәлемдеседі. Ер адамдар бір-біріне қолберіп ассалау мағалейкум-уағалейкум ассалам дейді. Ал әйелдер құшақтасады. Содан соң бір-біріне жақсы тілектер айтады.

 

Қайырлы күн!

Ұлыс береке берсін

Пәле-жала жерге енсін.

Ұлыс оң болсын.

Наурыз келіп, көңілің жай болсын.

Тәрбиеші:

Ер адамдар қолдарына күрек алып бұлақтың көзін ашып жатыр, тазартады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген сөздер бар. Бұлақ жердің астынан шығады. Бұлақтың қасында ағаш, тал егеді. «Бір тал кессең, он тал ек» деген осыдан шыққан екен.

Наурыз күлім деп

Күннің көзі жылынды

Өзгеше бүгін леп

Қыстауға тығылды.

Малдар төлдеп, қойқоздап

Сүттен бұлақ ағызған

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан

Наурыз тойы салтымыз

«Көгерейін» деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Тәрбиеші: 

Түс кезінде әрбір үйде 7 тағамнан жасалған Наурыз көже ішеді:

сүт, ет, тұз, арпа, күріш, айран, май. Наурыз көжені тойып ішу керек. Сонда жыл бойы тоқшылық болады.

  Дастарханда дәміміз

 Жайдарымыз бәріміз

 Жарасу бар жаулық жоқ

 Қандайжақсы, Наурыз.

 Күн қыздырса шыдай ма?

 Жер нәрлене түседі.

 Әр бір үйде бұл айда

 Наурыз көже піседі.

Тәрбиеші:

Дастарханға назар аударады. Ұлттық тағамдарды айтады: құрт, бауырсақ, май, айран т.б. ас ішкен соң үлкендер бата береді.

  Ұлыс бақытты болсын!

 Әр күніміз жақсы болсын!

 Достығымыз берік болсын!

 Білім, өнер серік болсын!

 Ұлыс оң болсын!

 Ақ мол болсын!

 Әумин.

  Тәрбиеші: 

Кеш басталған да ауылдың тұрғындары әдемі киініп, ауылдың шетіне шығып алтыбақан тебеді,

ақындар айтысады. Жастар ойын ойнайды.

 Наурыз тойы-елдің тойы

 Көктем тойы-төлдің тойы

 Ән айтылды күні бойы

 Жақсы көрем Наурыз тойын.

  Көктем тойы-әніміз

 Көркем өнер-сәніміз

 Елдің көңілін шалқытып

 Ән шырқаймыз бәріміз.

Ойын: «Арқан тарту»

Мақсаты:«Арқан тартыс»

ұлттық ойынының мазмұнын, ережелерін ,ерекшелігін, ойынның ойналу әдіс -тәсілдерін меңгерту. 
Балалардың ептілігін , қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту. 
Төзімділікке,өзарадостыққа, сыйластыққатәрбиелеу. Жылдамдыққа,шапшаңдыққа

баулу.

Салт-дәстүр көрсету.

Наурыз жырын жырлаймыз

Онымен де тұрмаймыз

Шындалып жеткен бұл күнге

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

  Тәрбиеші:  

Қасиетті Наурыз мерекесінде адамдар көптеген дәстүрлерін өткізген: Тұсаукесер, атқа отырғызу, сүндетке отырғызу, бесікке салу т. б. Бүгін бізге әже қонаққа келді. Бесікке салу дәстүрін тамашалаймыз.

  Ұлағатты сөздер: 1. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»

                               2.«бесік көрмеген, ессіз боп есікке енеді»

Бесіктің бала өміріне пайдасы зор. Бала тынығып жатады, таза болады.

1.     Біріншіден бесікті аластайды:

сіріңке жағып алас, алас иесі келді, пәледен алас, көзі жаманның көзінен алас, тілі жаманның тілінен алас. 

2.     Жабдықтарды көрсетеді: 7 сан жөргек, жастық, кепіл, белбеу, аяқбелбеу, шүмек, түбек.

3.     Үстіне 7 түрлі киім жабады.

Ұйқысы қалың болсын деп. Оның біріқап. Бесікке салуға сыйлықтар әжеге ұсынады.

4.     Шашу шашады.

5.     Бесік жырын айтады.

Әлди, әлди ақ бөпем

 Ақ бесікке жат бөпем,

Жылама, бөпем жылама

Жілік шағып берейін

Айналайын балашым

Аман болсын әкеңде

Аман болсын анашың

Ағатайың, тәтенде

Өзің тәтті балдай бол

Өсіп, өсіп таудай бол.  

  Қорытынды:

Қоштасу қонақтармен

 

Просмотров: 289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст