«Көңілді – Наурыз!»
Мақсаты: Балалардың Наурыз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру.Қазақ халқының ежелден
сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
Балалардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. Балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін
қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Жоспар:
1. Тәрбиешілер балалармен музыка әуенімен «Қазақтың салт-дәстүрлері» өлеңін айтып залға кіреді.
2. Жер ана Наурыз мерекесімен құттықтап қонақтарға шашу шашады.
3. Балалардың тақпақтары.
4. Өлең « Әз- Наурыз»
5. Қыдыр ата келеді.
6. Ата – аналарменойын «Жібек жіпті байлау.»
7. Тұсау кесу рәсімі.
8. Тақпақтар.
9. Оркестр Күй«Даудидай».
10. Би «Дастархан».
11. Ертеңгіліктің аяқталуы.
1-Тәрбиеші:Армысыздар құрметті қонақтар.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесімен шын
жүректен құттықтаймыз. Көктем мерекесі баршаңызға
бақыт, мол табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық
әкелсін. Сылдырлаған сәбилеріңіздің күлкісіне бөленіп аман-есен жүре
беріңіздер.
2-Тәрбиеші: Ұлан ғайыр қазақ
жерінде, Сарыарқаның төрінде
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын қарсы алуға шақырамыз
1-Тәрбиеші:Шалқытып ән салғызып,
толқытып би билетіп, қызыққа батырамыз
2-Тәрбиеші: Келіңіздер, келіңіздер!
Ұлы тойды көріңіздер!(Бірге.)
Біздің тойға Жер ана келді қонаққа.
Жер ана:"Наурызкелсе,
құткелгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық(отырған қонақтарға шашу шашу)
Тақпақтар:
Амира: Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы - салтымыз,
«Көгерсін» — деп халқымыз, Көшеге тал егеміз.
Айқын:Ата-бабам
тойлаған,
Наурызым, армысың?
Қызығына тоймаған,
Дарқан дала,қарлы шың.
Аяулым: Ұлыс оң болсын!
Ақ
мол болсын!
Ерали: Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады
Әсел: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса Наурыз дәстүрлі!
Осындай байтақ елімде,
Айтылады әніміз.
Өлең « Әз- Наурыз»
Әсем әуен үнімен ортаға Қыдыр ата келеді.
Қыдыр ата: Армысыңдар халайық.
Наурыз құтты болсын.
Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, тал гүлдеді.
Дастарханын жайып дархан,
Жақсылықпен бақыт шашқан,
Наурызкелді тойға ұласқан.
Баланын шырылдаған дауысы естіледі.
Тәрбиеші: Жаңа сәби дүниеге
келді – деп қуыршақты кіргізеді.
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын!
Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Кыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні
дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай”
Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Ата – аналармен ойын «Жібек жіпті байлау.»
Тәрбиеші: Енді осы жіппен баланын тұсауын кесейік.
(Маликаның әжесі кеседі.)
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне
кезек берейік. Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі,
жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.
Енді тыштырма рәсімін жасайық.
Тышты, тышты, тышты ма?
Балалар хормен: Тышты, тышты
Конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады
Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма?
Бөбегім ұйықтап дем алсын
Қунап оянсын!
Енді баланы бесікке салайық.
Әлди – әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ көкем
Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен
Әлди – әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен ертең
Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл
айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен
жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері, бүгінгі ұрпақ бойында да өз
жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген
кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық: Дархан мен Айзере.
Тақпақтар:
Айсенім: Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.
Надия: Көктем, көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде,
Біз қуанып қаламыз
Әнмен қарсы аламыз!
Малика:Ұлыс күні қазан толса,
Солжолыақ мол болар.
Ұлыкісіден бата алса
Сонда олжалыжолболар.
Дамира Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді – жыл басы.
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.
Оркестр Күй «Даудидай».
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек
білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» —
деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата
беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.олай болса, Қыдыр атамыздан бата
сұрайық.
ҚЫДЫР АТА: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болс
Әумин!
Би «Дастархан»
1-тәрбиеші.
Жарқырасын Сұлужондай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
2-тәрбиеші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды.
Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хошсауболыңыздар!