Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалардың қабілеті мен дарындылығының арналары – саусақтың ұшында

20.01.2017

«Балалардың  қабілеті мен

дарындылығының арналары – саусақтың ұшында.

Бала қолының шеберлігі молайған сайын, ақылы да молая түседі» 

В.А.Сухомлинский

 

Білім беру мекемелерінің педагогикалық практикасында білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық қызметті енгізу.   

Инновациялық технологиялар – бұл педагогтың интеллектуалдық қызметінің соңғы қорытындысын айғақтайтын жаңадан  енгізілген, тың, тиімділігі жоғары әдістер мен құралдар, тәсілдер.     

Қазіргі таңда логопедтер өз жұмысында әр сипаттағы инновацияны қолданады. Дәстүрлі қолданатын

әдістермен бірге бұлар кешенді түрде түзету жұмыстарын белсендіруге және балалардың тіл ақауын түзетуде зор жетістіктерге қол жеткізуге ықпалетеді.   

Бір де бір логопед түзету жұмысының бір түрі  ұсақ моториканы дамыту әдісін қолданбай қоймайды.    

Біріншіден, барлығына белгілі қол саусақтарының қозғалысы баланың тілін дамытуға зор ықпалын тигізеді. 

Бала тілінің белгілі зерттеушісі  М.М.Кольцова өз жазуында: «Қол саусақтарының қозғалысы адамзат дамуының барысында тіл функциясымен тығыз байланыста» деген.   

Ал, біздің заманымызда Т.П. Хризман мен М.И. Звонареваның бала қызметінің жоғарғы жүйке жүйесіне жасаған  зертханасында, бала қол саусақтарымен ырғақты қозғалыс жасаған кезде, оның маңдай мен самай бөліктері миларының қызметі күрт күшейетіні байқалған.   

Екіншіден, әр логопед баланы мектепте оқуға дайындайды да, баланың қолын жазуға жаттықтыруға және баланың графомоторлы дағдылары мен көру – моторикасын дамытуға талпынады.    

Саусақ моторикасы мен тіл арасындағы байланыс ғылыми түрде дәлелденген. Баланың тілін   дамыту ұсақ моториканы

дамытумен  үздіксіз байланыста.      . 

Қолдың ұшы – «сөйлеу мүшесі».  

Күнделікті түрде біз тұрмыста қандай да бір ұсақ моторикалық қимылдар жасаймыз: түймені тағып, ағыту, бауды, белбеуді байлап, шешу, шағын заттармен ойнау, сурет салу, жазу.     

Ұсақ моториканы дамыту бойынша көптеген жұмыс тәсілдері бар. Жүннен киіз басу соның бірі болуы мүмкін.

Ең маңыздысы осы техника бойынша қол өнер бұйымдарын жасаған кезде іс-қимыл екі қолмен істеліп, барлық саусақтардың қимылы мен 

күш пен тәсілді қажет етеді. Үнемі саусақ бұлшық еттерінің қатайып, босаңсуы жүзеге асып отырады да, олардың жемісті түрде шынығуына ықпал етеді және де қол бұлшық еттерінің проприоцептивтік импульсін күшейтеді.        М.М. Кольцованың  айтуынша: «бұл тек бала кезде ғана, тілдің қалыптасуы жүріп жатқанда ғана маңызды». 

Киіз басу тәсілі ұсақ моториканы дамытудың басқа әдістеріне қарағанда маңыздылығымен

ерекшеленеді – бұл, баланың талпынысы мен еңбегінің жемісін, жетістігін,

қуанышын білдіретін, оған аса қымбат дүние болып саналатын,  қол өнер бұйым түріндегі өнімді қалдыратын    тренинг.     

 «Жүннен киіз басу» техникасының басқа да

аттары бар:    фелтинг (felting), ұру,

фильцевание. Жұмыс барысында иірілмеген жүннен қомақты ойыншықтар, киімдер,аксессуарлар, картиналар, паннолар, палантиндер, және т.б. жасалады.   Киіз басу барысында тек, нағыз жүн ғана

қолданылады, басқа еш нәрсемен ауыстыруға мүмкін емес, өйткені жүн ғана

иіріліп, басуға көнеді. 

       Жүннен киіз басудың екі түрі бар   — құрғақ және ылғалды. Жүнді құрғақтай басқан кезде әбден басылғанға дейін бірнеше жерден арнайы инемен түйреледі.

Бұл процесс кезінде жолақтар, тығыз, біртұтас материал құра отыра  өзара қосылады.       

Ылғалды киіз басу сабынды лай арқылы жүзеге асырылады.    Алдымен жүннен жасалған бұйым жайылады да  лаймен суланады, содан кейін барып уқалай отыра басылады. Құрғақ киіз басу қомақты бұйымдарды: ойыншықтар, бижутерилер, фигуралар, картиналарды жасаған кезде қолданылады. Және де жүнге суреттер оюлар салынады. Ылғалды киізден панно, киім, орамал бір сөзбен айтқанда   бұйымдарды жасауға ыңғайлы. 

Мен психикалық дамуы тежелген балалар тобында жұмыс істеймін. Бұл топтың балаларында тіл жүйесімен бірге басқа да психикалық жүйелері  нашар  дамыған.

Олардың бойында байқалады: 

• ойлауы мен назар салуы тұрақсыз және тез шалдығады. 

• вербалдық есте сақтауы төмен. 

• ойлап табу деңгейі төмен. 

• сөйлеуі мен логикалық ойлау қабілеттері төмен. 

• танымдық белсенділігі баяу. 

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст