Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Арай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
Государственное Казенное Коммунальное предприятие "Ясли - сад "Арай" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Серуен

19.01.2017

Қыстың

негізгі белгілерін бақылау

Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету.

  Көркем сөз:

                         Аппақ, аппақ ақша қар

                         Бірін ұстап алайын

                         Ұстадым!

                         Жоқ, ақша қар,

                         Қайдан іздеп табайын?                                                 

(Жақан Смақов)

  Қимылды ойын: "Аяз"

Мақсаты: тез жүгіруге жаттықтыру.

Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.

  Жұмбақ:

Далада қар жатса,

Өзенге мұз қатса,

Түк көргісіз боран соқса,

Жылдың бұл қай мезгілі дейміз біз?

Жорамал:

Түтін будақталып шықса, аяз болады.

 

 

 

  Қар жауып

тұрған құбылысты бақылау.  

Мақсаты: қардың жауып тұрғанын

бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар ұлпалары

жеңіл болады, олар ауада би билегендей, айналып жүреді, жылырақ күнде қар

ұшқындары ауырлап тартады, - жапалақтап жерге түседі, суық күнде қар ұшұқындары

түйіршіктеленіп жауады.

Көркем сөз:

                        Тазалашы, мұз болған,

                        Есік алды тайғанақ  жата берсін.

                        Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ,

                        Шыға беріп жалтақтай,

                        Ұшып түсті қалпақтай.

  Қимылды ойын: "Аңшы мен қояндар"

Мақсаты: жылжымалы нысанаға

лақтырған затты тигізуге, жүгіруге, өрмелеп шығуға жаттықтыру.

Еңбек: тәрбиеші жұмысты әркімге

бөліп беруге көмектеседі: бірі қарды жинаса, енді біреулері оны тасиды, шанаға

артады, ұжым болып бәрі қар тазалауға қатысады.

Мақсаты: жұмысты бірігіп атқаруға

бағыт беру.

Жеке жұмыс:

"Адасқан

қар қиыршықтары" тақырыбына шығармашылық әңгіме құрастыру.

Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ

болғанымен, жер бетін жауып үлгердім. (қар)

Жаңылтпаштар:

1.   Қаңтар айы болды,күн суытты

    Қалың қар жауды,боран соқты.

  2. Қыс қыспаса,қыс па?

    Құс ұшпаса,құс па?

 

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст